Ревматоидты фактор IgM
Ревматоидты артрит (РА) - аурудың соңғы кезеңдерінде қайтымсыз деформацияға және дене қабілетінің жоғалуына әкелетін буындардың созылмалы қабынуымен сипатталатын жүйелі аутоиммунды ауру.
Ревматоидты фактор (РФ) - аутоиммунды ауруларда, атап айтқанда ревматоидты артритте, Шегрен синдромында, жүйелі қызыл жегіде және т.б. өндірілетін ақуыз болып табылады
Ревматоидты фактор буындарда қалыптасады және дененің өз жасушаларына «шабуыл жасайды», оларды бөтен деп қабылдайды, осылайша буындардың созылмалы қабынуына әкеледі.
РФ изотиптерін анықтауы диагноз, дифференциалды диагностика және РА ағымы туралы қосымша ақпарат береді.
РФ IgM жоғары титрі
- аурудың скринингіне сәйкес келетін РА маңызды көрсеткіші;
- аурудың белсенділігімен корреляцияланадыі;
- буын сыртындағы зақымдармен, атап айтқанда васкулитпен корреляцияланады;
- РА-ға шалдықпайтын адамдарда байқалуы мүмкін, бұл РА пайда болу қаупінің жоғарылауына байланысты.
IgM ревматоидты факторы 2010 жылғы ревматоидты артриттің халықаралық жіктеу критерийлеріне (ACR/EULAR, 2010) кіреді.