Препаратты қабылдау кезінде тромбоздың даму қаупі гормональной контрацепции (FII, FV)
Комбинирленген ауыз арқылы ішілетін ұрықтануға қарсы дәрі бала тууды бақылаудың тиімді түрі болып табылады және бірқатар ауруларды емдеу үшін қолданылады. Кез келген дәрі-дәрмектер сияқты олардың да қарсы көрсетілімдері бар. Комбинирленген ауыз арқылы ішілетін ұрықтануға қарсы дәрілердің эстрогендік компоненті қанның ұю жүйесін белсендіреді, соның салдарынан ең алдымен тәж және церебралды артериялардың тромбоздары, сондай-ақ тромбоэмболиялар даму мүмкіндігі артады. F II, F V қан ұю жүйесі гендерінің полиморфизмдері бар әйелдерде терең көк тамырлар тромбозының дамуы, тромбоздың ауыр асқынуы – өкпелік эмболия қаупі жоғары болады. Бұл полиморфизмдерді (өзгерулер) зерттеу денсаулық үшін және отбасын жоспарлауда аса қауіпсіз тәсіл туралы дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.