Талдаулар тізіміне

Қан ұюының генетикалық профилі (гемостаз жүйесі) (16 көрсеткіш)

Қанның ұю жүйесі және фибринолиздегі әртүрлі генетикалық өзгерістерімен байланысты анықтауға және мүмкіндігінше түзетуге болатын жағдайлар тұқым қуалайтын тромбофилияға жіктеледі. Жүрек-қан тамырлар және басқа да жүйелердің көптеген аурулары мультифакторлы (көптеген факторлардың қатысуымен) болып табылады және олардың әсері әдеттегідей әртүрлі сыртқа орта факторларымен өзара әсерлесуден кейін байқалады. Орта факторы генетикалық фактормен бірлесіп аурудың даму бейімділігіне әсер ету дәрежесін күшейтеді. Қанның ұю мәселелері жиі критикалық немесе шектік жағдайларда (жүктілік, хирургиялық әрекет, жүрек-қан тамырлар аурулары, онкология) байқалады және қауіпті асқынуларға ұласып, мүгедектікке себеп болып немесе тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Осының барлығынан қан ұю жүйесінің генетикалық ерекшеліктерін анықтауға, түзетуге және бақылауға мүмкіндік беретін уақытылы зерттеулерден өтіп, қатерден құтылуға болады.