Кері қайту

Қандағы уран (U).

 Адам ағзасында көптеген бейорганикалық иондар анықталуы мүмкін. Олардың кейбіреулері қалыпты метаболизм үшін өте қажетті элементтер болып табылады, мысалы, натрий, калий, мырыш, селен және йод. Басқалары (сынап, кадмий, қорғасын) ешқандай функцияларды орындамайды және тіпті керісінше, жоғары шоғырлануда жиналған кезде уытты әсер етеді. Ағзаның жіті немесе созылмалы улануын диагностикалау үшін қандай да бір микроэлементтің бар-жоғына талдау пайдаланылады.  Бейорганикалық иондардың уыттылығы көптеген факторларға, оның ішінде жасқа, жынысқа, ағзаның физиологиялық жай-күйіне, ілеспе аурулардың болуына, сондай-ақ ағзаға түсу жолы мен дозаларына байланысты болады. Ауыр металдар мен микроэлементтердің негізгі көздері тамақ өнімдері мен су, дем алатын ауа, сондай-ақ кейбір жағдайларда дәрілік препараттар болып табылады.  Микроферменттермен улану жағдайлары көбінесе өндірісте тіркеледі. Ауыр металдар мен микроэлементтермен уланудың клиникалық көрінісі заттың табиғаты мен химиялық құрылымына байланысты біршама ерекшеленетініне қарамастан, ауруды тудырған элементті тек клиникалық белгілерге сүйене отырып анықтау мүмкін емес.