Кері қайту

Уреаплазмоз IgМ

Талдау жыныстық инфекциялардың серологиялық диагностикасына жатады. Зерттелетін материал қоздырғышқа антиденелер табылған қан. Антидене – бұл нақты бөгде нәруыз-антигенді жою үшін өндірілетін ағзаның иммундық жүйесінің компоненттері. Бұл жағдайда уреаплазма (Ureaplasma urealyticum) антиген болып табылады.

Антиденелердің бірнеше түрлері бар: IgA, IgD, IgE, IgG және IgM. Дегенмен антиденелер өте жоғары концентрацияда болса да иммунитет уреаплазмамен күресе алмайды. Тізімделген антиденелердің әрқайсысына тәң өзінің қызметі және пайда болу кезеңдері болады.

IgМ жұқтырылғаннан кейін 5 күннен соң өндіріледі. IgM шарықтау шегі 1-2 аптаға жетеді, содан кейін олардың мөлшері біртіндеп төмендеп, 2-3 айдан соң ешбір емдеусіз толығымен жоғалады және оның орнына IgG келеді. Егер уреаплазмоздың созылмалы ағымында өршу жүрсе - IgM қайтадан пайда болады.

Уреаплазма – зәр шығару өзегінің, сондай-ақ ер адамдарда қуық асты безінің және әйел адамдарда қынаптың зақымдануымен жүретін қабыну ауруы – уреаплазмозды шақырады. Уреплазмоз инфекциясы негізінен жыныстық жолмен, соның ішінде оральді (ауыз арқылы) -жыныстық жолмен беріледі. Нәрестелерге инфекция жұқтырған анадан, баланың босану жолдары арқылы өтуі кезінде беріледі. Жүктілікті жоспарлау кезінде ата-аналар осы инфекцияға тексерілуі қажет, өйткені жүктілік кезінде ұрықтың құрсақ ішілік инфекциясы пайда болуы мүмкін, әсіресе ұрық мүшелерінің белсенді дамуы кезінде бұл ауыр зардаптарға әкеледі.

Уреаплазманы жұқтыруға ықпал ететін факторларға мыналар жатады:

  • Қорғалмаған жыныстық қатынас және жыныстық серіктестердің жиі өзгеруі;
  • Кең спектрлі антибиотиктерді қабылдау;
  • Жалпы және жергілікті иммунитеттің төмендеуі.

Клиникалық белгілері

Әйелдерде:

  • Қынаптан аз бөлінетін, іс жүзінде түссіз, ерекше иісі жоқ бөліністер;
  • Іштің төменгі бөлігіндегі шаншып ауырсыну, бұл қабыну процесінің жатыр мен қосымшаларға таралуына байланысты болуы мүмкін;
  • Физиологиялық қажеттілікке байланысты емес жиі зәр шығару;
  • Зәр шығару кезінде ашып ауру;
  • Жыныстық қатынас кезінде немесе жыныстық қатынастан кейін жағымсыз, орташа ауырсыну сезім.

Ерлерде:

  • Сыртқы зәр шығару өзегінен иіссіз, бұлыңғыр бөліністер, көбінесе таңертең зәр шығару актілері арасындағы ұзақ үзілістен кейін;
  • Зәр шығару кезінде орташа ауырсыну болады, ашып ауру сезімі аз кездеседі;
  • Ұма аймағындағы ауырсыну сезімі, бұл инфекцияның аталық безі мен аталық без қосалқысына енуіне байланысты.

Әйелдер мен ерлерде:

  • Уреаплазмоздың созылмалы түрге ауысу кезінде бедеулік байқалуы мүмкін, бұл жабыспа (спайка) үрдісінің дамуына байланысты болады, бұл кезде әйел адамдарда жатыр түтігінің саңылауы тарылады, ал ер адамдарда шәует шығаратын түтік «бітеліп қалады».