D гепатиті вирусы, РНҚ-сын анықтау, сандық тест (HDV-RNA, quantitative, 40 ХБ/мл)
С гепатитінің вирусы (HCV) – вирион өлшемі 30-60 нм тұратын РНҚ-құрамдас вирус. Вирус негізі парентеральды жолмен (залалды қан және оның компоненттері арқылы) беріледі. Инфекция парентеральды манипуляциялар кезінде, оның ішінде медициналық мекемелерде, оған қоса стоматологиялық қызметтерді көрсету, инъекциялық жабдықтар арқылы, акупунктура, пирсинг, татуировка, бірқатар шаштараз қызметтерін көрсету кезінде жұқтырылу мүмкін.
С вирустық гепатиттің басты ерекшелігі – оның генетикалық өзгермелігінде, мутацияға айқын қабілеттігі. С гепатит вирусының 6 негізгі генотиптері белгілі. Алайда, вирустың мутациялық белсенділігінің арқасында адам ағзасында бір генотип аясында HCV қырыққа жуық түр тармақтары болуы мүмкін. ҚР аумағында 1b, 2 және 3 генотиптері басымырақ таралған. Бұл вирустың персистенциясы мен С гепатиттің созылмалы түрінің жоғары даму жиілігін анықтайтын маңызды факторлардың бірі.
Адамның иммундық жүйесі қажетті антиденелердің өндірілуін қадағалауға мұршасы жетпейді, өйткені басқа бір вирустарға антидене өндірілген кезде олардың ұрпақтары басқа антигендік қасиетпен түзіліп жатады. Диагноз қою үшін зертханалық зерттеулер маңызды рөл атқаратын кешенді тәсіл қолданылады. Бірінші талдау – с гепатит вирусына (анти-HCV) антиденені анықтау ұсынылады. Бұл талдау қазіргі немесе бұрыңғы жұқтырылу фактсін айғақтайды. Бұдан басқа бұл талдау әртүрлі себептермен жалған оң (талдау оң нәтижелі болғанымен, шын мәнісінде инфекция жоқ) және жалған теріс (талдау теріс болғанымен, инфекция бар) нәтижелер беруі мүмкін.
Сондықтан С гепатитін нақты диагностикалау үшін қанда С вирустық гепатиттің РНҚ анықтау үшін аса күрделі тексерулер жасалады. Қазіргі уақытта осы мақсаттар үшін С вирустық гепатиттің РНҚ сапалы анықтау (HCV RNA) жабық үлгідегі автоматтандырылған жүйелерді пайдалана отырып, 15 ХБ/мл анықтаудың төменгі лимитімен нақты уақыт тәртіптемесінде жоғары сезімтал ПТР диагностикасы қолданылады. Бұрын қолданылған анализаторлармен салыстырғанда олардың сезімталдық шегі 300 ХБ/мл болған. Осылайша ол инфекцияның бар-жоғын, сонымен бірге ағзада вирустардың репликация (көбеюін) фактісін дәлелдейді. Қанда вирустардың саны (вирустық жүктемесі) вирустың белсенділігі немесе көбею жылдамдығы туралы топшылауға мүмкіндік береді.
Неғұрлым вирустық жүктеме жоғары болса, соғұрлым вирустың репликациясы белсенді болады. Жоғары вирустық жүктеме – бұл вирусқа қарсы емнің тиімділігін нашарлататын фактор. Неғұрлым вирустық жүктеме төмен болса, сәтті емделу мүмкіндігі соғұрлым жоғары. Бұдан басқа, егер вирустың құрамы жоғары болса, онда науқас жоғары ықтималдықпен басқа адамдарға да (жыныстық серіктестерін, отбасы мүшелерін) жұқтырады. Жалпы, вирусологиялық диагностика келесі қағидаларға сүйене отырып жүргізіледі:
1. Anti-HCV анықтау – СВГ диагностикалаудың бірінші қатары (А1 ұсыныс).
2. Жедел СВГ күдік туындаған жағдайда немесе иммундысупрессивтік емделушілерде HCV RNA анықтау қажет (А1 ұсыныс).
3. Егер anti-HCV сынағы оң болса, сезімтал молекулалық әдіспен HCV RNA анықтау қажет (А1 ұсыныс).
4. Anti-HCV сынағы оң және HCV RNA молекулалық сынақ теріс емделушілерде вирустың шығып кеткенін (элиминациясын) дәлелдеу үшін 3 айдан кейін HCV RNA сынағы жүргізілу керек (А1 ұсыныс).
*«Ересектердегі созылмалы С гепатитін диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасы» Нерсесов А.В., Калиаскарова К.С., Джумабаева А.Е., «Человек и Лекарство» журналы, Алматы қ., Қазақстан № 6 (37) 2-20 бет, 2014 ж. С гепатитін диагностикалаудағы жаңа мүмкіндіктер