Кері қайту

Микробиологиялық зерттеу үшін материал алу (қоректік ортасы бар тампон)

Микробиологиялық зерттеу ағзада жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жоғары дәрежелі дәлдікпен дәлелдеуге немесе жоққа шығаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ мұндай талдау анықталған микроағзалардың антибиотиктерге сезімталдық деңгейін анықтайтын тиімді тәсіл болып табылады.

Сынақты жүргізу үшін материал ретінде биологиялық сұйықтықтар, нәжістің тығыз қалдығы, шырышты қабаттардан алынған жағындылар, эндоскопиялық немесе басқа инвазивтік тексерулердің көмегімен алынған ұлпалық биоптаттар болады. Алынған нәтижелердің сенімділік мақсатында миробиологиялық зерттеу әдісінде талдауға алынатын материалдың дұрыс және уақытыл алынуына аса жіті мән беріледі. Егер талдауға алынған биоматериал одан әрі зерттеу жүргізілетін зертханаға тасымалдауды қажет етсе, мұндай жағдайда тасымалдау ортасы бар тампон қолданылады.  

Микробиологиялық зерттеуге (бак. себіндіге) дайындық:

Биоматериал алынғанға дейін микробқа қарсы дәрі-дәрмектер өмірлік көрсеткіштер бойынша берілмесе онда қабылдауды шектейді. Антибиотиктер мен антисептиктерді қолданумен байланысты манипуляциялар, таңертеңгілік дәрілік заттарды қабылдау биоматериалды алып болған соң жүзеге асырылады;

Егер антибиотиктермен емдеу курсы жүргізіліп жатқан болса микробиологиялық зерттеуді орындау ұсынылмайды. Егер емдеуші дәрігер өзгеше ұсынымдар ұсынбаса, тексеруді курсқа дейін немесе дәрі-дәрмекті соңғы қабылдағаннан кейін 4 апта өткен соң жүргізген жөн.