Инъекцияны кәсіпқойларға сеніп тапсырудың 5 себебі
Ешкім әлі құтыла алмаған, ең кең таралған медициналық манипуляция – дәрі егу, ғылыми тілмен айтқанда, «иньекция». Оған қоса, бізде балалық шақтан «оқу мекемесінде - дәрі егеді» деген байланыс қалыптасады. Бірақ, өкінішке орай, балалардың бұл процедурадан қорқуы бізді емдеуден итермелеп, ауруханаға баруды барынша кейінге қалдырғызады. Осыған байланысты жеке медициналық секторда науқастардың барлық қажеттіліктері мен тілектерін ескере отырып, осы қызмет түрін ұсыну қажеттілігі туындады. 2015 жылы әрбір елорда тұрғыны өз ауданында білікті медициналық көмек ала алуы үшін Астана қаласындағы «ОЛИМП» КДЗ емдеу бөлмелерінде бұлшықетке және көктамырға егу және күретамырға дәрі құю («система») бойынша қызметтер енгізілді.
Біздің мақалада біз көктамырішілік және бұлшықет ішіне инъекциялар қандай критерийге жауап беруі керек екенін және олардың орындалуына тек кәсіпқойларға сену неге маңызды екенін айтамыз.
Сонымен, кез-келген инъекцияны жасаудың шарттары қандай болуы керек?
1. Техникалық тұрғыдан дұрыс
Кез-келген медициналық процедураның өзінің қатаң орындалу алгоритмі бар. Тіпті қарапайым бұлшықетке егудің алгоритмі 13 тармақтан тұрады! Осы тармақтардың барлығын қатаң түрде кезекті орындау ауыруды азайтып қана қоймай, асқыну қаупін болдырмайды, сонымен қатар науқас үшін процедураның ыңғайлы өтуіне ықпал етеді. Алгоритмді білу, соның ішінде оны орындау басшылық тарапынан үнемі тексеріліп отыруы керек.
2. Стерильді
Инъекциялар - қабыну сипатты асқынулардың кейін пайда болуы мүмкін процедуралар. Мысалы, флегмондар немесе абсцесс. Бұл негізінен асептика мен антисептика ережелерін сақтамаумен байланысты, өйткені тіпті инъекция алдында тері аймағын спиртпен сүрту маңызды рөл атқарады. Асептика мен антисептика ережелерін толық сақтау-медицинаның негізгі заңы! Бұл заң инъекциялардың өзіне де, манипуляция жүзеге асырылатын бөлменің жағдайына да қатысты.
3. Эстетикалық
Көктамыр ішіне енгізгеннен кейін сыртқы түрін «эстетикалық» деп атауға келмейтін ерекше «көгерулер» (гематомалар) пайда болады. Әдетте, мұндай гематомалар денеде 10 күнге дейін сақталуы мүмкін. Бұл мәселе әсіресе жылы ауа-райында, тамырға инъекция орындары көрінетін кезде жұмыс істейтін адамдарға қатысты. Бұл тағы да басқалардың назарын аударады және талқылауға себеп болады. Бұл мәселені болдырмаудың әртүрлі жолдары бар, мысалы, «ОЛИИМП» КДЗ патенттелген жапондық «Анти-көгеру» жүйелерін пайдаланады, бұл көгерудің ықтималдығын айтарлықтай төмендетеді.
4. Жайлылық
Аурухананың ерекше иісі, шаршаған медицина қызметкерлерінің немқұрайлы жүздері, ұзын кезектер, қапырық дәліздер…мұның бәрі ұмытылуы керек және заманауи медицинада мұндай жағдай болмауы тиіс. Науқас үшін жағдай барынша қолайлы болуы керек. Жайлылық барлық жерде сезілуі керек: «қабылдаудағы» қызметкерлердің мейірімді күлкісінен бастап, шынтақ астындағы ыңғайлы төсеніштер мен жұмсақ матадан жасалған бұрауға дейін және проецудора соңында «деніңізге саулық» деген тілекпен шығарып салу керек.
5. Қауіпсіздік
Өте сирек жағдайларда науқастың инъекцияға жеке реакциясы өмірге қауіп төндіретін коллапс немесе кома секілді жағдайлар түрінде болуы мүмкін. Сондықтан кез-келген емдеу бөлмесі шұғыл көмек көрсетуге арналған арнайы құралдармен жабдықталуы керек және қызметкерлердің мұндай жағдайда науқасқа дереу көмек көрсетуіне дағдыланған болуы керек. Медбикенің төтенше жағдайға дайындығын жоғары басшылық жүйелі түрде тексеріп отыруы керек. Аталған жағдайлар аллергиялық реакция нәтижесінде дамуы мүмкін. Аллергия - дәрі-дәрмектерді енгізгеннен кейін немесе аллергенді шығын материалдарын қолдану нәтижесінде асқынудың бір нұсқасы. Аллергиялық реакцияларды болдырмау үшін дәрі-дәрмектерді бірінші рет енгізер алдында аллергияға тексеру және инъекциядан кейінгі теріні емдеу үшін гипоаллергенді шығын материалдарын қолдану қажет.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, желісінің емдеу бөлмелерінде көктамыр/бұлшықет ішіне инъекциялар және көктамыр ішіне дәрі құю ("система") жүзеге асырылатын "ОЛИМП" КДЗ желісінің емдеу бөлмелері өз науқуастарына осы қызметтердің кәсібилігіне кепілдік береді.
Біздің артықшылықтарымыз:
-
Тәжірибелі және білікті қызметкерлер
-
Асептика мен антисептиканың заманауи құралдары
-
Патенттелген жапондық «көгеруге қарсы» жүйесі
-
Ыңғайлы жағдайлардың жасалуы
-
Дәрілік заттарды енгізер алдында аллергияға тексеру
-
Балалар мен ересектерге қызмет көрсету
Назар аударыңыз! Астана қаласындағы инъекция қызметі көрсетілетін емдеу бөлмелерінің мекенжайларын біздің байланыс орталығымыздан мына телефон арқылы біле аласыз: 59-79-59