Әр түрлі сүт аллергендеріне тағамдық аллергия талдауы
Соңғы үш онжылдықта аллергия жиілігі әр 10 жыл сайын екі есе өсіп келді, осылайша популяцияда аллергияның кездесу жиілігі бүгінгі күнде 20%-ға жетті. Ер адамдар әйелдерге қарағанда 2 есе жиі ауырады.
Негізгі тағамдық аллергендер (93%) - сиыр сүті, тауық жұмыртқасы, балық, цитрус жемістері, шоколад, жаңғақтар, шаян тәрізділер, бидай. Балалардың тізіміне тауық еті, сиыр етін оңай қосуға болады.
Тағамның аллергендік қасиеттері ондағы ақуыздың концентрациясын анықтайды.
Тамақ дайындауда қолданылатын тағамдық бояғыштар, қоспалар ЖАЛҒАН АЛЛЕРГИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАРДЫ (аллергияға ұқсас) тудырады.
Бүгінгі таңдағы аллергияның көріністері тек терідегі бөртпелер ғана емес, сонымен қатар жүрек айну, құсу, іш өту және басқа да көптеген белгілер, бір қарағанда,"танымал емес" белгілер.
Аллергияны анықтаудың негізгі өлшемшарт аллергенді анықтау болып табылады, ағзада аллергенге қарсы арнайы құрылатын кешендер - антиденелер "жағдайы" өздеріне үйлессе - Аллергия ауруын іске қосады
Азық-түлік аллергиясын әртүрлі аллергендерге жалпы IgE және арнайы IgE табу арқылы анықтайды.
Сиыр сүті - айқын аллергиялық қасиеттері бар 20 ақуыздан тұрады! Сондықтан тек сүттің ғана емес, оның ақуыздарының да талдауын жасау керек!
Казеин (барлық жануарлардың сүтінде дерлік кездеседі, ірімшіктерде), α – лактальбумин (сиыр етінің ақуыздарына тоғыспалы аллергия тудыруы мүмкін), β – лактальбумин (барлық жануарлардың сүті, ірімшіктер), өгіз сарысуы альбумині (ірі қара малдың сүті), β – лактоглобулин (барлық жануарлардың сүті, ірімшіктер).
Балаларда сүт басты аллерген болып табылады. Сезімталдық жатырда да пайда болуы мүмкін, атопиялық дерматит жағдайында 90%-нда себеп - сүт. Аурудың басы өмірінің 1 аптасынан 6 айға дейін.
Ересектерде сүтке шынайы аллергия сирек кездеседі, ал сүтті қабылдамау - эволюция заңдылығы, өйткені жыныстық жетілуден кейін сүт ақуыздарын ыдырататын ферменттердің бөлінуі төмендейді.
Сүт аллергендерінің барлық спектрі қоюландырылған сүтте, құрғақ сүтте, майқоспа қамырда, ақ нанда, балмұздақта, шоколадта, майонезде және т.б. бар екенін ұмытпаған жөн.
Сіз "ОЛИМП" КДЗ-нің кез-келген емдеу бөлмесінде сүтке және оның ақуыздарына аллергияға тексеріле аласыз.