Кері қайту

Бедеулік. Не істеу?

Көптеген ерлі-зайыпты жұптар қанша қатты қаласа да, мұқият жоспарласа да балалы бола алмайтын жағдайға тап болуы мүмкін. Егер белгілі бір уақыт ішінде жұп ата-ана бола алмаса, маман бедеулік диагнозын қоюы мүмкін. Бірақ бұл қорытындыдан қорқудың қажеті жоқ, өйткені бүгінгі таңда көптеген жағдайларда жағымды нәтижеге әкелетін және ерлі-зайыптыларға ана және әке болудың барлық қызығына бөленуге мүмкіндік беретін дерттің себебін анықтау және қажет емді жүргізу мүмкін.

Сонымен Сіз осындай проблемаға тап болсаңыз, бірінші Сізге әрине сіздің жағдайыңызда патологияға не себеп болғанын түсіну қажет, яғни бедеулік бойынша диагностика өту керек.

Маман қарап-тексеру өткізіп, пациенттерге қажет тексерулерді тағайындайды. Жұпқа жыныстық жүйенің ықтимал органикалық және функционалдық зақымдануларын анықтауға арналған зерттеулер тағайындалады. Негізгі тестілердің бірі антиспермальді антиденелерді анықтау болып табылады - әйелмен қатар еркектің де ағзасында пайда болуы мүмкін ақуыздар және иммундық жүйеде бұзылыс болған жағдайда екі жыныста да бедеулікті тудыруы мүмкін сперматозоидтарға «шабуыл» жасауға қабілеттері бар.

Әйелдерге сонымен бірге қосымша зерттеулер тағайындалады, олардың ішінде көп таралғаны жыныстық мүшелердің ультрадыбыстық зерттеуі және зертханалық диагностика.

Атап айтқанда, әйел бедеулігінің зертханалық диагностикасына жыныстық инфекциялардың болуын анықтау және қанды гормоналдық зерттеу кіреді. Әдетте бұл кезеңде тексерулер аяқталады, бірақ кейбір жағдайларда бедеулікке «генетикалық бедеулік» деп аталатын бедеулікке әкелетін қандай да бір генетикалық бұзылыстар себепкер болады. Мұндай жағдайларда бұл патологияларды анықтауға арналған қосымша тестілер қажет.

Бүгінгі күні медицина мен ғылым репродуктология мәселелерінде үлкен жетістіктерге жетті. Сізге «бедеулік» диагнозы қойылса қамықпаңыз, өйткені көптеген жағдайларда бұл патологияны табыспен диагностикалауға және емдеуге болады.

Отбасының жалғасы туралы мәселе бүкіл әлем үшін ерекше маңызды болған және болады да, ал біздің ел үшін әсіресе өзекті болып табылады. Осыған байланысты «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханалар желісі өз спектріне бедеулік диагностикасына көмегі тиетін көптеген тексерулерді енгізді:

  • ультрадыбыстық зерттеу,
  • антиспермальді антиденелерді анықтау,
  • гормондар деңгейін анықтау және жыныстық инфекциялардың болуын анықтауға арналған бірқатар тестілер.

Сонымен қатар, генетикалық аурулардың диагностикасы мәселелері бойынша маманданатын «Centogene» көшбасшы неміс зертханасымен серіктестік келісімі болуының арқасында қазақстандықтарға бедеуліктің себептерін диагностикалауда көмектесе алатын генетикалық зерттеулер қолжетімді бола бастады. «ОЛИМП КДЗ»-де тексеруден өту үшін Сіз желінің Қазақстан аумағында орналасқан 200-ден астам емшара кабинетінің кез келгеніне жүгіне аласыз.