Сіз шетелге емделуге баратын болсаңыз бұны білу керек.
Кейде Қазақстанның ауқатты тұрғындары емделуге клиника таңдағанда шетелді таңдайды, мысалы Германия, Израиль, Корея және т.б. Біздің пациенттерге дәрігерлердің жоғары деңгейдегі біліктілігі, халықаралық деңгейде мойындалған денсаулық сақтау жүйесі және заманауи медициналық жабдық үйлесімі шетелде емделуді тартымды етіп көрсетеді.
Сонымен Сіз бұрын шетелдік клиникаларда болған болсаңыз және де сіздің алдыңызда қайтадан шетелге бару мәселесі тұрса, немесе шетелге енді барайын деп жатсаңыз онда Сіз үшін біз арнайы шетелге емделуге баратын адамдардың зертханалық диагностика туралы білуге тиіс бірнеше ерекшеліктері жайында айтқымыз келетін мақала дайындадық.
Бүгінгі таңда диагноз қою үшін оның алдында зертханалық зерттеулер өту қажет. Бұл шетелдік клиникаларға да қатысты және дәрігер Сізге диагноз қоймас бұрын және дәрі тағайындау алдында міндетті түрде зертханалық-аспаптық зерттеу әдістерінің нәтижелерімен танысуы тиіс.
Сонымен Сізге тапсырмасаңыз тиісті ем қою мүмкін болмайтын нақты бір талдауларды тапсыру қажет. Сіз қандай шешім қабылдайсыз? Бірінші, талдауларды барған шетелдік клиникада тапсыру. Бұл тұста бүкіл шетелдік медицинаға жалпы қатысты артықшылық ретінде заманауи медициналық жабдық пен білікті қызметкерлер құрамын айта кету қажет. Бірақ мұнда да өзінің кемшіліктері бар. Біріншіден, шетелде зерттеулердің бағасы айтарлықтай қымбат. Екіншіден, зерттеулер бірден орындалмайды, яғни Сізге шетелде 1 немесе 3 күннен артық күтуіңізге тура келеді, бұл тағы да артық шығындарға әкеледі. Яғни, бірінші жолды таңдасаңыз Сіз артық ресурстарыңызды жоғалтасыз: уақыт және ақша. Алайда бұның екінші бір жолы да бар – Қазақстанда талдауларды тапсырып, дайын нәтижелермен шетелге бару. Сіз осылайша өзіңіздің уақытыңыз бен қаржыңызды үнемдей аласыз.
Бірақ зертхананы қалай дұрыс таңдаған жөн? Шетелдік дәрігер қандай нәрсеге назар аударады?
Әрине ем үшін ең маңыздысы орындалатын зерттеулердің дәлдігі. Себебі зерттеулердің сенімсіз нәтижелері сайып келгенде Сіздің қалтаңыз бен денсаулығыңызға зиянын тигізуі мүмкін. Сондықтан зертханаға барар алдында оның лицензиялануына, сапа бойынша сертификаттарына және орындалатын зерттеулердің сапасын тікелей растайтын аккредиттелуіне ерекше назар аударыңыз. Бұған зейін қойып, мұқият болыңыз, өйткені көп нәрсе Сіздің таңдауыңызға байланысты.
Қорыта айтқанда, шетелге шығар алдында Сіз қажет талдауларды Қазақстанда тапсыра аласыз деуге болады – бұл Сіздің уақытыңыз бен ақшаңызды үнемдейді. Зертханаға барар алдында бұның барлық жолдарын саралаңыз, аккредиттелуге ерекше назар аударыңыз – ол орындалатын талдаулардың сапасының көрсеткіші болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы медициналық зертханалар арасындағы халықаралық деңгейде мойындалған алғашқы және жалғыз клиникалық зертхана ILAC – аккредиттелген зертханалар халықаралық қауымдастығының беделді еуропалық мүшесі болып табылатын Словак Ұлттық Аккредиттеу Қызметінің сараптамалық бағалауынан өткен және ISO 15189:2012 стандартына сәйкес аккредиттелгені туралы Куәлік алған - «ОЛИМП» клиникалық зертханасының «МЫРЗА-ХАН» ЖШС филиалы болып табылады.
Қарапайым тілмен айтқанда, ISO 15189:2012 стандартына сәйкес аккредиттеуден өту, біздің зертханамыздағы зерттеулердің дәлдігі әлемдік қоғамдастықтың күмәнін тудырмайтынын білдіреді және «ОЛИМП» КДЗ-де тексеруден өте отырып, Сіз әлемнің кез келген клиникасына еркін жүгіне аласыз – Сіздің талдауыңыздың нәтижелері жарамды болады. Біздің бұл мәселеде тәжірибеміз аз емес – біздің пациенттер тексеру нәтижелерімен шетелдік клиникаларға жиі жүгінеді және олар шетелдік дәрігерлер тарапынан ешқандай сөгіс тудырған емес. Шетелге ұшпас бұрын ем тағайындалуы және оны бақылау үшін Сіз Олимпте талдауларды алдын ала тапсыра аласыз, осылайша өзіңіздің уақытыңыз бен қаржыңызды үнемдейсіз.
«ОЛИМП» КДЗ және Германияның озық зертханалары Synlab және Limbach арасындағы серіктестік келісім-шарттың арқасында біздің пациенттердің қазіргі таңда Қазақстанда қолжетімсіз болып тұрған сирек талдауларды тапсыру мүмкіндіктері бар.
Енді осынша технологиялық зерттеулер Германияға немесе шетелдік басқа елдерге баруды талап етпейді: Қазақстан аумағында 180-нен аса емшара кабинеттері бар «ОЛИМП» КДЗ-нің кез келген емшара кабинетіне жүгіне аласыз.