Листериоз қай жерде жасырынады?
Қазіргі қоғам ерте жастан бастап адамдарды санитарлық нормаларды сақтауға үйретеді. Егер сіз қарапайым "Тамақтанар алдында қолыңызды жуасыз ба?" деген сұраққа, " әрине, иә!» деп жауап береіз. Бірақ егер бұл сұрақ былай қойылса: " Тамақ ішер алдында барлық кезде де қолыңызды жууға мүмкіндік бола ма?", онда адам жауап беруге кідіріп қалады. Дәрігерлер қоршаған ортаны фанатиктік стерилдеуге шақырмайды, тек қарапайым ережелерді сақтамаса, науқастың қандай нәтижеге тап болуы мүмкін екенін көрсеткісі келеді. Бұл мақалада бізді кез-келген жерде аңдып тұратын ауру - листериоз туралы айтатын боламыз, ал оның клиникалық көрінуі әр түрлі болуы мүмкін, бұл ауруды анықтауды қиындатады. Тақырыптың өзекті болуы соңғыда Данияда 15 адамның өмірін қиған листериоздың өршуіне байланысты [1].
Сонымен, листериоз - бұл листерия бактериялары тудыратын және қоздырғыштың пайда болу ошағының көптігімен, белгілерінің, таралу жолдары және факторларының әртүрлілігімен сипатталатын жұқпалы ауру.
Көп жағдайларға байланысты листериоз сирек кездесетін ауру болып көрінеді. Алайда, бұл мүлдем олай емес. Біріншіден, ауруды анықтаудың төмен деңгейі ауршаңдықдың аздығын білдірмейді. Екіншіден, клиникалық белгілері ӨТВИ және ішектің бұзылуы секілді қарапайым аурулардың артында "жасырынуы" мүмкін. Листериоздың созылмалы түрге ауысуы және науқастың иммундық қорғанысы әлсіреген кезде ғана өзін-өзі байқатуы аурудың негізгі қаупі болып саналады. Бұл әсіресе жүкті әйелдерге қатысты - АҚШ-тағы листериоз жағдайларының 30%-ын жүкті әйелдер құрайды [2], листериоз салдарынан тамақтан уланудың өліммен аяқталатын жағдайлар көрсеткіші - 28% [3].
Сонымен, листериоз қайда "жасырынады"? Листерия барлық жерде таралған және топырақта тіршілік етеді, демек, үй жануарларының денесінде де өмір сүреді. Бұдан негізгі жұқтыру жолдарын көруге болады:
1. Азық-түлік арқылы - мал шаруашылығы өнімдерін тиісті термиялық өңдеусіз тұтыну кезінде: сүт, сүзбе, жұмсақ ірімшіктер, шұжықтар, өңделген ет, шұжықтар және май еті. Бұл санатқа топырақтан өткен бактериялары жуылмаған көкөністер мен жемістер де кіреді
2. Байланыс жолы - ауру жануарлардан жұғады
3. Аэрогенді жол - тері мен жүнді өңдеу кезінде бактериялармен тыныс алу
4. Тікелей жолы – ауыратын жүкті әйелден ұрыққа дейін
5. Трансмиссивті жолы - кене шаққанда
Инкубациялық кезең 1-2 күннен 1,5-2 айға дейін созылады. Белгілер бірқатар факторлар: жас ерекшелігі, жынысы, қатарлас аурулар, ағзадағы қоздырғыштың орналасуы және иммундық күйіне байланысты. Әрі қарай, біз аурудың барлық клиникалық түрлерін тізімдейміз.
Көз-безді формасыда ауру ангина сияқты өтеді.
Көз-безді формаға бір жақты іріңді конъюнктивит тән. Бұл жағдайда сәйкесінше лимфа түйіндері ұлғаюы мүмкін.
Гастроэнтеритикалық формада басында қатты ауырады, дене қызуы күрт көтеріледі және әлсіздік күшейеді. Бірнеше сағаттан кейін жүрек айну, құсу, жиі қайталанатын сұйық бйақалды, сондай-ақ аппендикс аймағы ауыруы мүмкін.
Жүйке формасы айқын бас ауруы түрінде ерекшеленіп, менингит белгілері түрінде көрінеді.
Септикалық формасы ең ауыр түрлерінің бірі болып табылады, өйткені барлық осы салдарлардың нәтижесінде қан зақымданады.
Жүктілердің және жаңа туған нәрестелердің листериозын бөлек шығарады. Өткір және созылмалы листериоз жүктіліктің кез-келген мерзімінде жүктілікті тоқтатуға себеп болуы мүмкін.
Созылмалы листериозға анықтау қиын, өйткені өршу белгілері өзіне сипатты емес: қысқа мерзімді қызу көтерілу және тамақ ауруы, жүрек айну, құсу немесе сұйық нәжіс түріндегі ас қорыту бұзылулары, сондай-ақ пиелонефрит белгілері: бел аймағының ауыруы және дене температурасының жоғарылауы.
Аурудың өткір түрлерінде (тіпті қоздырғыш анықталмаса да) дәрігерлер листериямен күресетін кең спектрлі антибиотиктерді тағайындайды, сондықтан науқас қалпына келеді. Бірақ созылмалы форманы анықтау және емдеу оңай емес.
Аурудың нақты белгілерінің болмауына байланысты зертханалық мәліметтерсіз диагноз қою мүмкін емес. Бактерияларды тікелей анықтайтын биоматериалды микроскопия алтын стандарт болып саналады. Бұл әдіс қоздырғыштың қандай биоматериалда (қан, зәр, нәжіс, жұлын сұйықтығы және жұтқыншақ жағындысы) табылатынын болжаудың қиындығымен шектеледі. Осыған байланысты қан бойынша серологиялық диагностика жүргізу ұсынылады: Listeria monocytogenes-ке қарсы IgG антиденелерін анықтау. Бұл талдау ағзадағы микробтың орналасуына қарамастан листериоздан туындаған ағзадағы созылмалы үдерісті анықтауға мүмкіндік береді.
Қорытындылай келе, санитарлық ережелерді сақтау және аурудың аталған белгілері пайда болған кезде дәрігерге уақтылы бару листериоздың созылмалы түрінің даму ықтималдығын азайтуға көмектесетінін атап өткен жөн. Сау болыңыз!
Назар аударыңыз! Егер сізде листериоз белгілері болса, терапевтке немесе инфекционистке баруды ұсынамыз. Сіз сондай-ақ"ОЛИМП" КДЗ желісінің кез-келген емдеу бөлмесінде листериозға ИФТ әдісімен тексеруден өтуге болады
1. http://foodcontrol.ru/news/7250 Дания Мемлекеттік сарысуды зерттеу институтына (SSI)сілтеме
2. Center for Infectious Disease Research and Policy, University of Minnesota –Listeriosis
3. Robert-Koch-Institut : Epidemiologisches Bulletin. 8 Dezember 2006/Nr: 49