Кері қайту

Гомоцистеин - жүрек ауруы мен жүктіліктің соңына жетпеуінің жаңа қауіп факторы

Соңғы уақытта гомоцистеин деп аталатын қосылыс және оның жүрек күйімен және жүкітіліктің соңына жетпеуімен байланысы туралы көптеген тақырыптар қозғалып жүр.

Гомоцистеин - ол қанда болатын және ағзаға тұтынылатын етпен келетін қарапайым амин қышқылы (бұл ақуыздардың құрамдас элементтерінің бірі). Гомоцистеиннің жоғары деңгейі жүрек-қан тамырлары аурулары мен акушерлік патологияның ерте дамуымен байланыстырады. Гомоцистеин тамырлардың ішкі қабырғаларына (эндотелий) уытты зақым келтіреді және В6 , В12 дәрумендерінің және фолий қышқылының деңгейінің төмендегімен байланыстырылады.

Гомоцистеин жүрек ауруының қаупін қалай арттырады және жүктіліктің соңына жетпеуіне әкеледі?

Гомоцистеиннің жоғары деңгейі артериялардың ішкі қабырғасын зақымдайды, нәтижесінде микро тромбтар мен атеросклероз пайда болады (артериялардың саңылауының тарылуы). Қай мүшеде пайда болғанына байланысты микро тромбтар миокард инфарктына, инсультке, жатыр-жолдас қан ағымының бұзылуына байланысты жүктіліктің тоқтауына әкелуі мүмкін.

Қан плазмасындағы гомоцистеиннің көбеюінің негізгі себептері:

  • Тамақпен түсетін В6 және В12 дәрумендері мен фолий қышқылының жеткіліксіздігі

  • (Гц метаболизмі үшін қажетті ферменттердің кофакторлары) осыны ескере отырып, ГГЦ-нің мүмкін себебін анықтау үшін қан сарысуындағы фолий қышқылы мен В12 деңгейін бір уақытта анықтаған жөн.

  • Бірқатар аурулар (созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, қалқанша безінің гипофункциясы, В12-жетіспеушілігіндегі анемия, онкологиялық аурулар)

  • Гомоцистеин алмасуына жауап беретін ферменттердің жеткіліксіздігіне әкелетін генетикалық ақаулар.

Гомоцистеин деңгейін кім және қашан тексереді?

Науқастардың келесі топтары тексерілуі тиіс:

  • ерте миокард инфарктісі мен инсульттің пайда болуы тұқым қуалауы мүмкін қаупі бар адамдар;

  • бұрын жүректің ишемиялық ауруы, тромбозы бар науқастар;

  • жүктілікті жоспарлап жүрген, ауыр акушерлік тарихы бар (бедеулік, түсік) әйелдер;

  • қандағы гомоцистеин деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін препараттармен ем алатын адамдар (антиконвульсанттар, қантты түсіретін дәрілер, цитостатиктер және т. б.);

  • асқазанына ота жасалған науқастар.

Жоғары деңгейлі гомоцистеиннің алдын алу әдістері бар ма?

Қаупі жоғары және гомоцистеин деңгейі жоғары науқастар сырттан алатын В дәрумендерінің (фолий қышқылы, В12 және В6 дәрумендері) мөлшерін көбеютуі керек. Фолий қышқылы мен В дәрумендері ағзадағы гомоцистеин деңгейін төмендетуге көмектеседі. Бұл дәрумендерді әртүрлі жемістерден, жасыл жапырақты көкөністерден, фолий қышқылымен қаныққан дәнді дақылдардан табуға болады.

Назар аударыңыз! "ОЛИМП" клиникалық-диагностикалық зертханаларының кез-келген бөлімшесінен Гомоцистеинге тексеріле аласыз.

Негізгі белгілер (Tag):

Гомоцистеин жүктіліктің тоқтауы инфаркт