Күнге күюдің салдары
Жазғы демалыс маусымы басталды және демалыстан қайтып келіп жатқан арулар өздерінің Оңтүстіктің басты кәдесыйы - күнге қалай күйгендерімен мақтануға асығуда.
Кейбір арулар көбінесе өтіп кеткен мүмкіндіктерінің есесін өздерінің қызметтерін тұс-тұстан қолжетімді бағада ұсынатын жергілікті сұлулық салондарының солярийлеріне барып толтырады, ал кейбіреулері бұл үшін үй солярийін алады. Алғашқылары да, кейінгілері де терінің сәнді түсі үшін ағзаларына ауыр зиян тигізу қаупін тудырады. Бірақ көптеген әйелдер «Сұлулық құрбандықты қажет етеді!» деген ұранды басшылыққа алуға әдеттенгені құпия емес. Бұл құрбандықтар қаншалықты үлкен болуы мүмкін? Бұл жайында барлығы ойлана бермейді. Мөлшерден тыс ультракүлгіннің қандай зияны бар екенін, кез келген күнге күюді сүйетін адам үшін оның терінің проблемалық бөліктері - бұл дененің мең (невустар) бар кез келген күн түсетін бөлігіне әсері қандай жағымсыз жанама әсерге әкелуі мүмкін екенін әсіресе аққұба арулардың есте сақтағандары жөн. Адамның болашағын болжап, меңнің орналасқан жеріне байланысты оның мінезінің ерекшеліктерін анықтаумен айналысатын адамдар «Мең неғұрлым үлкен болса, оның тағдырға әсері де соғұрлым қатты болады» деген пікірге сенуді ұсынады. Қатты әсер етуі мүмкін екені сөзсіз және бұған ескі романтикалық жорамалдардың қатысы жоқ. Бәріне тағы да сол ультракүлгін сәулелер кінәлі, оның мөлшерден тыс түсуінен ең агрессивті қатерлі ісіктердің бірі - меланомаға айналып, меңнің өлшемдері білінбей ұлғая бастайды (бұл атау жаңа өскіннің меланин өндіретін меланоциттердің пигменттік жасушаларынан дамуымен байланысты). Соңғы жылдары меланоманың жастар мен тіпті балаларда пайда болу жиілігінің өсуі байқалады. Бұл қатерлі ісік көбінесе аяқтардың аймағын және өте сирек бас пен мойынды, кейде көздің тор қабығын зақымдайды. Еркектерде әр үшінші меланома арқаларында пайда болады. Меңнің қатерлі ісік болып қайта тууының үрейлі симптомдарына ассиметрия (меңнің екінші жартысының біріншісіне сәйкес келмеуі), шектерінің түзу болмауы, түсінің бірыңғай болмауы, диаметрі 6 миллиметрден жоғары болуы, өлшемдерінің, формасының немесе түсінің өзгеруі, сонымен қатар теріде жаңа өскіндердің пайда болуы жатады.
«Қайта туған мең» көбінесе күңгірт пигментациямен, үстінің жылтыр және ыдырауға бейім болуымен ерекшеленеді. Ол сулануы, қансырауы және дызылдау сезімін тудырады. Өзіңізде аурудың осыған ұқсас белгілерін таба отырып, жедел медициналық көмекке жүгінген дұрыс - косметологиялық салонға емес, дәрігер онкодерматологқа жүгініңіз. Өйткені меланома тез өседі және бірден үш бағытта: метастаза бере отырып терінің үстінде, оның бетінде және түбіне қарай. Өкінішке қарай, бұл аурудың айқын белгілері жақсы байқалған кезде оны емдеу бойынша болжам жағымсыз болуы мүмкін. Өйткені алтын уақыт өтіп кетті! Сондықтан меңмен болып жатқан қауіпті өзгерістерге алғашқы күдіктер пайда болғанда немесе ультракүлгін сәулелердің әсерінен жаңа меңдер пайда болған кезде меланоманың жалғыз сезімтал серологиялық маркері болып табылатын ақуыз - S100 онкомаркеріне қан диагностикасын өткен жөн.
Тек осы эксклюзивтік тест ауруды ерте кезеңдерінде анықтауға және оны тиімді емдеуді бастауға мүмкіндік береді немесе керісінше болжанып отырған диагноз расталмаған жағдайда үрейлі ойлардан арылуға мүмкіндік береді.
S100 меланомасының онкомаркеріне тексеруді «ОЛИМП» КДЗ желісінің кез келген зертханасында өтуге болатынын естеріңізге саламыз.
Барлық құқықтар сақталған