Кері қайту

Остеопорозға зертханалық диагноз қоюдың артықшылықтары

Қазіргі таңда остеопороз көптеген адамдарға зиянын тигізіп, ең кең таралған аурулардың біріне айналуда.

Ал остеопороз баяу дамиды, ауруға қарсы шара қолдануға уақыт жеткілікті. Мұндай жағдайларда остеопорозды анықтаудың маңыздылығы артып келеді, оның үстіне сырқат адам аурудың белгілерін сезбейді. Тек остеопорозға диагноз қою сүйек тінінің жағдайын айқындайды және сынықтардың пайда болуының алдын алуға көмектеседі.

Қазіргі уақытта осы мақсатта остеопорозды диагноз қоюдың бірнеше әдістері қолданылады: ретнгенологиялық тексеру, компьютерлік томография, ультрадыбыстық денситометрия, биохимиялық талдау және т. б. «ОЛИМП» КДЗ желісінде остеопорозды анықтау сүйектегі алмасу процесінің маркерлерінің көмегімен жүзеге асырады: қан сарысуындағы деңгейі анықталатын остеокальцин және бета-кросслапс.

Остеосинтез процесінде қан ағысына ену арқылы остеокальцин сүйектің пайда болуы туралы бізге ақпарат береді. Остеопороз кезінде осы үдерістің қаншалықты байқалғанына байланысты остеокальцин деңгейі жоғарылауы немесе қалыпты болуы мүмкін.

Бета-кросслапс - остеопороздың алғашқы маркері. Органикалық сүйек матриксінің 90%-дан астам бөлігін құрайтын 1-типті коллаген қасиетінің төмендеген өнімі. Әдетте, коллагеннің кішкене фрагменттері қанға еніп, бүйрек арқылы несеппен шығарылады. Физиологиялық немесе патологиялық үлкейген сүйек резорбциясында (мысалы, егде жаста немесе остеопороз салдарынан) оның фрагменттерінің сарысудағы мөлшері артады. Остеопорозға қарсы терапия кезінде қан сарысуындағы b-CrossLaps деңгейі біртіндеп қалыпқа келеді.

Сүйек түзетін және сүйекті бұзатын жасушалардың белсенділігі сілтілі фосфатаза сияқты көрсеткішті де көрсетеді. Бірақ бұл көрсеткішке әлдеқайда төмен дәрежедегі сезгіштік тән.

Остеопороздың даму механизмдері әртүрлі гормондардың (эстрогендер, паратироид және қалқанша безінің гормондары, кальцитонин және т.б.) көрсеткіштерін, қандағы және таңертеңгі зәрдегі кальций, фосфор және магний концентрациясын көрсетеді. Остеопорозды анықтау кезінде осы маркерлердің арақатынасы бойынша сүйектердің өзгеруін бағалауға, сыну қаупін болжауға болады. Зертханалық диагностика бойынша сүйек метаболизмінің мәні қалыпты мәндермен салыстырғанда неғұрлым жоғары болса, маңызды дәрімен емдеуді тағайындау қажеттілігі соғұрлым артады.

Остепороздың биохимиялық диагностикасы сүйектердегі ерте өзгерістерді анықтайды және 2-3 айдан кейін тағайындалған емнің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

Остеопорозды диагностикалауға арналған скрининг 45 жастан асқан әйелдер мен 65 жастан асқан ер адамдарға екі жылда бір рет нұсқалады.