Кері қайту

Ревматоидтық артриттің ерте диагностикасындағы серпіліс

Ревматоидтық артрит (РА) – анағұрлым жиі кездесетін аутоиммундық ревматикалық ауру. Әлемде ревматоидтық артритке халықтың 1% шалдыққан. РА синовиалық қабықтардың созылмалы қабынуымен және буындардың үдемелі бұзылуымен сипатталады, бұл соңында қимылдық бұзылыстарға және буындардың деформациясына әкеледі. Көптеген пациенттер сырқаттың алғашқы 6 жылы ішінде еңбекке қабілеттіліктерін жоғалтып, мүгедектік басталады.

Ревматоидтық артрит болжамында сырқаттың алғашқы жылдары шешуші болып табылады.

"Ерте" РА бөліп көрсетіледі – сырқаттың басталуынан 6 аптадан бастап 12 айға дейін, бұл кезде белсенді терапия буындардың зақымдалуының күшеюін нәтижелі түрде тоқтата алады. Осыған байланысты ревматоидтық артритті ерте диагностикалау маңызды.

РА зертханалық диагностикасында ревматоидтық факторды (РФ) анықтау маңызды болып саналады. Бірақ РФ тестінің спецификалылығы өте төмен, ал сезімталдығы сырқаттың ұзақтығына байланысты. Сырқаттың басталған алғашқы 6 айының ішінде ревматоидтық фактор тек 15-43% науқаста анықталады.

Қазіргі уақытта ерте ревматоидтық артриттің ең перспективалы маркері - Анти-ЦЦП (цитруллинді пептид антиденелері).

Анти-ЦЦП – цитруллин амин қышқылынан тұратын ауытқымалы пептидтермен өзара әрекеттесетін аутоантиденелер тобы. Норма бойынша цитруллин ағзаның кәдімгі метаболиті, пептидке оның синтезі кезінде салынбайды. Ревматоидтық артрит кезінде пептидиларгининдеиминаза ферменті синовиалық қабықтар ақуыздарының жергілікті цитруллинденуіне әкеледі және аутоантиденелер өндірісін іске қосушы негізгі факторлардың бірі.

Анти-ЦЦП РА шалдыққан науқастың қанында сырқаттың алғашқы пайда болуынан ұзақ уақыт бұрын анықталатыны көрсетілді, ал осы антиденелердің титрі сырқаттың алғашқы 3-5 жылы ішінде сақталады.

Анти-ЦЦП ревматоидтық артрит үшін тым спецификалы (~98%) және сырқаттың өте ерте кезеңдерінде болады. Бұл тестінің ревматикалық аурулардың дифференциалдық диагностикасындағы құндылығын көрсетеді, әсіресе ерте кезеңдерде.

Бұндай антиденелерді анықтауды терапевтік стратегияны жоспарлауда пайдалануға болады, өйткені Анти-ЦЦП бойынша оң нәтиже көрсеткен пациенттерге буындарда эрозивті өзгерістерді күшейтетін сырқаттың анағұрлым агрессивті ағымы тән.

Анти-ЦЦП-ға тексерілуді «ОЛИМП» КДЗ кез келген емшара кабинетінде өтуге болады. Сонымен бірге зерттеу зертханалық жабдық өндірісіндегі әлемдік көшбасшы болып табылатын Рош Диагностик (Германия) компаниясының талдағыштары мен реагенттерінде орындалады.