Кері қайту

C гепатитін диагностикалаудың заманауи әдістері

С гепатиті бүгінгі күні әлемдегі ең ауыр инфекциялық аурулардың бірі болып саналады.

Оны бауыр ауруларының негізгі себепкерлерінің бірі болатын РНҚ-дан тұратын вирус тудырады. Көбінесе ауру адамның симптомдары мүлдем байқалмайды, немесе жасырын көрініс табады – жоғары шаршағыштық, жүрек айнуы. С гепатитін біржола емдеу өте қиын.

Ауруды жұқтырғаннан біраз уақыттан кейін 80% жағдайларда ол созылмалы формаға өтеді. Әрбір бесінші адамда аурудың кейінгі дамуы циррозға әкеледі және ол жағдай жаман болғанда гепатоцеллюлярлық карциномаға әкеледі. Сарапшылардың берген бағалары бойынша С гепатиті вирусын тасымалдаушылар саны әлем бойынша 700 миллион адамға жетеді.

С гепатитін сырқат адамнан да, ол өзін тіпті көрсетпеген жағдайда вирусты тасымалдаушыдан да жұқтыруға болады. Ал аурудың бұлай таралуына байланысты С гепатитін дәлдігі жоғары диагностика көмегімен уақтылы анықтау бүгінгі күні аса өзекті проблема болып саналады. Қазіргі уақытта С гепатитін диагностикалаудың бірнеше негізгі кезеңі бар. Бірінші кезеңде С гепатиті вирусына қарсы антиденелерді анықтау үшін әдетте негізінде диагностиканың иммунологиялық әдістері жатқан серологиялық тест жүргізіледі (ИФТ, ЭХЛ). Антиденелердің болу фактісі тек қана адамның С гепатитін жұқтырғанын білдіреді, бірақ бұның бұрын болған инфекцияның салдары, аурудың созылмалы формасы, әлде оның жіті ағымы екендігін нақтылау мүмкін емес.

Сонымен бірге С гепатитімен ауырған кезде «серонегативті терезе» деген болады, яғни науқастың қанында антиденелер ауру басталған кезден бастап 2-3 аптадан кейін ғана пайда болады. Бұл кезең 3 айға созылған жағдайлар да белгілі және осы уақыт аралығында серологиялық тестілер вирустың қанда болуына қарамастан теріс нәтиже береді.

Иммунохимиялық тестілер (ИФТ, ЭХЛ) барлық қауіп-қатер тобының өкілдеріне арналған скринингке (бастапқы тексеру) жарамды және әсіресе бауыр ауруларының клиникалық белгілері бар пациенттерге бастапқы диагностика ретінде ұсынылады.

Тестінің теріс нәтижелері жоғары ықтималдылықпен С гепатитін жоққа шығарады. Дегенмен иммундық тапшылығы бар және гемодиализдегі пациенттер үшін бұл жеткіліксіз. Сонымен қатар бәріне белгілі «серонегативті терезе» кезеңіне түсу қаупі бар. Бұндай жағдайларда С гепатиті вирусының РНҚ-сы бар-жоғын полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдісімен қосымша тексеру қажет.

Қазіргі кезде полимеразды тізбекті реакция (ПТР) көмегімен генетикалық материалдың бар-жоғын және мөлшерін анықтауға мүмкіндік беретін арнайы молекулалық тестілер жетілдірілген, яғни қандағы С гепатиті вирусының РНҚ-н. ПТР немесе полимеразды тізбекті реакция - вирустарды молекулалық диагностикалаудың негізгі әдістерінің бірі. РНҚ-ны сапалы анықтау вирустың белсенді репликациясы кезеңі - яғни оның белсенді түрде көбеюі жайлы ақпарат береді, бұл келесі кезеңге - емдеу курсын дұрыс таңдау үшін қажет сандық талдау жүргізу мен вирусты генотиптеу үдерісіне өтуге мүмкіндік береді.

С гепатиті вирусы РНҚ-ның адамның қанында бар екені дәлелденген соң, аталған молекулалық тестілер тағайындалған емнің нәтижелілігінің көрсеткіші болып табылады. Яғни дәрі қабылдауды тоқтатқаннан кейін 24 аптадан кейін вирустық РНҚ анықталмаса ем нәтижелі болып саналады. Сонымен бірге емдеу курсының ұзақтығы С гепатиті вирусы РНҚ-ның қандағы мөлшері туралы мәліметке – «вирустық жүктеме» көрсеткішіне сәйкес есептеледі.

Осылайша қан плазмасынан С гепатиті вирусын сандық анықтау ауруды диагностикалауда, терапияны таңдауда және әрі қарай қандай дәрілік зат немесе емдеу схемасы таңдалғанына қарамастан мониторинг жүргізуде – аурудың ағымын бақылауда ең нәтижелі әдіс болып табылады. Дәл осы тест емдеуші дәрігерге әрбір пациент үшін ең оңтайлы емдеу схемасын таңдауға мүмкіндік береді.

С гепатитін анықтаудың барлық әдістері бүгінгі күні ең ірі «ОЛИМП» дербес клиникалық-диагностикалық зертханасында қолжетімді.