«ОЛИМП» КДЗ желісіндегі аллергодиагностиканың заманауи мүмкіндіктері
Аллергиялық аурулар кезіндегі диагностиканың негізгі мақсаты - пациенттің жоғары сезімталдығы бар аллерген мен аллергендерді анықтау. Бұл мақсатқа «себепкер» аллергенді шамалап болжауға, кейде дәл анықтауға мүмкіндік беретін, анамнестикалық мәліметтерге қол жеткізуден тұратын аллерген спецификалық диагностика қызмет етеді.
Аллерген-спецификалық диагностиканың шешуші кезеңі аллерген-спецификалық емдеу мен аурудың асқынуының алдын алуды өткізуге негіз болатын диагностикалық сынамаларды өткізу болып табылады.
Бұрын аллергодиагностика үшін негізінен тері сынамалары пайдаланылған. Бірақ оларды тек 5 жастан кейін ғана өткізуге болады. Ересектерге де анафилактикалық шокқа дейін баратын ауыр асқынулардың ықтималдығын, сонымен қатар нәтижелерді бағалаудың қиындығын ескере отырып, бұл сынамаларды тек аллерголог-иммунолог дәрігер және реаниматологтың бақылауында арнайы аллергологиялық мекемелерде өткізуге жол беріледі!
Заманауи аллергодиагностика иммунологиялық әдістерге негізделген. Олардың артықшылығы пациент үшін толығымен қауіпсіз болуында. Аллергия мен спецификалық IgE-антиденелердің дамуына жауапты жалпы IgE-антиденелерінің қанда бар-жоғын зерттеу әсіресе маңызды. Талдау нәтижелерін әрқашан аурудың клиникалық суретімен салыстыру қажет. Тек содан соң ғана дұрыс терапияны таңдауға болады.
Бүгінгі күні «ОЛИМП» зертханалар желісінде IMMULITE 2000 XPI (Siemens, АҚШ) заманауи бірегей иммунологиялық талдағышы бар. Аталған талдағыштың зерттеу спектрі 360-тан астам аллергендер мен шамамен 50 аллергопанельдерден тұрады. Тестілердің бұндай кең спектрі Қазақстанда ұсынылған ұқсас кластағы талдағыштардың ешқайсысында жоқ. IMMULITE 2000 XPI-ді пайдалана отырып қол жеткізілген нәтижелердің тек қана жоғары сипаттамалары хемилюминесцентті технологиямен қамтамасыз етілген. Аллергендер бірнеше топ бойынша бөлінген: жануарлар, дәрі-дәрмек, шаң, тамақ өнімдері, кәсіби, паразиттер, жәндіктер, кенелер, зең, ағаштар, арамшөп, шөптер және т.б. Осылайша өміріңіз бен денсаулығыңызға қауіпті аллергосынамаларға жүгінбей-ақ, пациенттер мен дәрігерлердің бір немесе басқа затқа аллергияны кәдімгі қан талдауы арқылы сенімді диагностикалау мүмкіндігі пайда болды.
Сіздерді біздің емшара кабинеттерімізде күтеміз!