Кері қайту

Остеопорозға зертханалық диагностика жасаудың заманауи мүмкіндіктері

Остеопороз – бұл сүйектің аса жоғары сынғыштығына және минималды жарақаттан және тіпті онсыз да сыну қаупінің артуына әкелетін, сүйек тіні массасының үдемелі төмендеуімен, сүйек тінінің микроархитектоникасының бұзылуымен сипатталатын қаңқаның жүйелі ауруы.

Сіздердің назарларыңызды ОЛИМП КДЗ-да сүйек тіні алмасуын реттейтін гормондарды анықтаудан, остеопороздың алғашқы маркерлерін және қандағы кальций мен фосфордың деңгейін зерттеуден тұратын остеопороздың кешенді зертханалық диагностикасын өтуге болатынына аударамыз.

Кальций – сүйектің негізгі минералды компоненттерінің бірі. Остеопороздың әртүрлі формалары мен кезеңдері сарысулы кальций концентрациясындағы әртүрлі өзгерістер ретінде көрініс табуы мүмкін.

Қандағы фосфор мөлшерінің өзгеруі сүйек тіні патологиясының әртүрлі формаларында байқалады, кальцийді реттеуші гормоналды механизмдердің іске қосылуын ынталандыратын қан сарысуындағы кальций мөлшерінің өзгерісін тудырады.

Паратгормон ағзадағы кальций және фосфор алмасуын реттейді, сүйектен кальций мен фосфордың шығуын күшейтеді, кальцийдің қайта сіңірілуін күшейтеді және бүйрек өзекшесіндегі фосфаттардың қайта сіңірілуін тежейді, кальций мен фосфордың ішекте сіңірілуін ынталандырады. Қалқанша маңы бездері қызметінің бастапқы және қосымша өзгерістерін анықтау үшін және остеопороздың әртүрлі формаларының дифференциалды диагностикасы үшін қажет.

Остеокальцин – кальций мен гидроксиапатиттерді байланыстыруға, яғни сүйектің минералдану үдерістеріне қатысатын сүйектің негізгі коллагенді емес ақуызы. Жалпы алғанда сүйек метаболизмі деңгейінің көрсеткіші және сүйек ауруы күшеюінің ықтимал прогностикалық индикаторы.

Сарысулы остеокальцинді өлшеу:

•әйелдерде остеопороздың даму қаупін анықтауға мүмкіндік береді;

•менопауза кезінде және одан кейін де, алмастырушы гормоналды терапия және ГРГ гонадотропин рилизинг гормон) антагонисттерімен терапия кезінде сүйек метаболизмінің мониторингін жүргізуге мүмкіндік береді;

•өсу гормонының тапшылығы бар пациенттерде гипо- және гипертироидизмді, бүйректердің созылмалы ауруларын диагностикалауға көмектеседі.

Сәби жасындағы балалардағы рахит қанда остеокальцин мөлшерінің төмендеуімен қатар жүреді, оның концентрациясының төмендеу дәрежесі рахиттік үдерістің көрініміне байланысты және II дәрежелі рахит кезінде анағұрлым көрінеді. Рахитпен ауыратын балалардың қанындағы остеокальциннің мөлшері ПТГ концентрациясынан кері тәуелділікте және жалпы және иондалған кальций мен кальцитонин деңгейімен тікелей тәуелділікте орналасқан.

Гиперкортицизммен (Иценко-Кушинг ауруы мен синдромы) ауыратындар және преднизолон қабылдайтын пациенттерде қандағы остеокальциннің мөлшері айтарлықтай төмен, яғни гиперкортицизмнің көрінімі мен қандағы остеокальцин мөлшерінің көрінісі болып табылатын сүйек қалыптасуының төмендеуі арасында тығыз байланыс бар.

Beta-Cross laps – остеопороздың бастапқы маркері. Сүйектің органикалық матриксінің 90%-дан астамын құрайтын 1 типті коллаген құлдырауының өнімі. Норма бойынша коллагеннің кішкене фрагменттері қанға жетеді де, бүйрек арқылы несеппен шығарылады. Физиологиялық немесе патологиялық түрде ұлғайған сүйек резорбциясы кезінде (мысалы, егде жаста немесе остеопороз нәтижесінде) оның фрагменттерінің сарысудағы мөлшері артады. Остеопорозға қарсы терапияның аясында қан сарысуындағы b-CrossLaps деңгейі біртіндеп қалыпты деңгейге келеді. Сүйек резорбциясының деңгейіне қатысты әртүрлі клиникалық жағдайлар (гиперпаратиреоидизм, гипертиреоидизм күйлері) зерттеу нәтижелеріне ықпал етуі мүмкін екендігін есепке алу қажет. Бүйректерінің қызметі төмендеген пациенттердің қан сарысуындағы b-CrossLaps мөлшері экскрецияның төмендеуі салдарынан артады.