Құрысуға қарсы дәрілік заттардың терапевтік дәрілік мониторингі
Терапевтік дәрілік мониторинг әр пациент үшін дәрі-дәрмектің жеке мөлшері мен қанша рет қабылдау керектігін таңдауда пайдаланылады. Фармакокинетикалық мәліметтер ең біріншіден эпилептологияда қолданыс тапты - дәрінің әрекеті мидағы белсенді дәрі-дәрмектің шоғырлануына байланысты болғандықтан, құрысуға қарсы дәрілік заттардың фармакокинетикалық қасиеттерін білу емдеуді оңтайландыру үшін маңызды.
Қандағы антиконвульсанттарды анықтау - қояншықпен ауыратын науқастарды жүргізудің халықаралық стандартының негізгі талаптарының бірі. Терапевтік дәрілік мониторинг пациенттің кінәсінен, қалыпты жағдайда, аурудың немесе физиологиялық жағдай бұзылыстарының салдарынан болған дәрілік элиминация өзгерістерінің сапалық аспектілерін анықтауға мүмкіндік береді. Дәрі-дәрмекті тек қана клиникалық мәліметтер негізінде таңдау қиындық тудырады, ал ауруды жеткілікті емдемеу пациент үшін ауыр салдарға әкелуі мүмкін.
Қояншықпен ауыратын науқастардың жеке емін түзету үшін терапевтік дәрілік мониторингті пайдаланудың көптеген себептері бар. Келесі жағдайларда құрысуға қарсы дәрілік заттардың концентрациясын білу маңызды:
- дәрілік затты терапевтік мөлшерде қабылдағанда нәтижесі болмаса;
- улану белгілері пайда болғанда;
- ерекше физиологиялық немесе патологиялық күйлерде болатын проблемалық жағдайларда;
- жүктілік кезінде (АЭДЗ фармакокинетикасы) әртүрлі физиологиялық үдерістердің нәтижесінде өзгеруі мүмкін: абсорбцияның төмендеуі, үйлестірімнің бұзылуы мен ақуыздармен байланысудың төмендеуі, емдеу ферменттері белсенділігінің артуы салдарынан метаболизмнің жоғарылауы, элиминациялық дәрілік заттардың көбеюі.
Егде жаста АЭДЗ басым бөлігінің клиренсі 30-дан 50% дейін төмендетілген. Егде адамдарда фармакокинетикалық параметрлерге әсер ететін абсорбцияның төмендеуі, үйлестірім бұзылыстары, метаболизм ферменттері белсенділігінің төмендеуі және элиминациялайтын мүшелерге қан ағысының өзгеруі, бүйректер қызметінің баяулауы сияқты байқалатын физиологиялық өзгерістер анықталады. Нәресте шақтағы балалар мен ерте сәби шақтағы балалар ересектерден фармакокинетиканы тез ауыстырумен ерекшеленетін ерекше популяцияға жатады. Кіші жастағы балаларда, әсіресе алты айдан алты жасқа дейін құрысуға қарсы дәрілік заттардың басым бөлігін жартылай шығару кезеңі төмендетілген, ал үйлестірім көлемі ересектерден жоғары болуы мүмкін. Кейбір дәрілік өзара әрекеттесу кезінде: құрысуға қарсы дәрілік заттардың антигепертензивті дәрілік заттармен, антикоагулянттар және антиагреганттармен, ішке қабылдайтын контрацептивтермен, анальгетиктермен, СҚҚДЗ-н. Ықтимал дәрілік өзара әрекеттесу туралы білім АЭДЗ қолданудың қажет шарты.
Бүгінгі күні «ОЛИМП» зертханалар желісі вальпрой қышқылы дәрілік заттарына мониторинг жүргізуде - Депакин, Конвулекс. Аталған дәрілік заттар тобы өзін жақсы жағынан көрсетті, әсіресе балалар тәжірибесінде. Қандағы вальпроаттар концентрациясын анықтау бойынша талдау ерекше дайындықты талап етпейді және аш қарынға орындалады.