Науқастар үшін маңызды ақпарат
Зерттеу нәтижелерін түсіндіру және диагноз қоюды анамнез, клиникалық тексеру және басқа тексеру әдістерінің деректерімен кешенді түрде тек емдеуші дәрігер жүргізе алады.
Әр түрлі зертханалар тиісті өлшем бірліктері мен қалыпты мән көрсеткіштері бар әртүрлі талдауыштар мен зерттеу әдістерін қолданатынын ұмытпаған жөн. Сондықтан сіздің нәтижелеріңіздің бағалауы дұрыс болуы үшін зерттеуді бір зертханада, тәуліктің бір уақытында жүргізген жөн. Мұндай зерттеулердің нәтижелерін салыстыру дұрыс болады.
Қалыпты мәндердің көрсеткіштері адамның жасына, жынысына, ұлтына, нәсіліне және жеке ерекшеліктеріне байланысты.
"ОЛИМП" КДЗ ұсынған кешенді зерттеулер - Профильдер диагностикада ыңғайлы болу үшін дайындалған, алайда олар дәрігердің жеке ұсыныстарын алмастыра алмайды.
Есіңізде болсын, көрсеткіштердің қалыпты мәндерден ауытқуы дәрігерге қаралуға себеп болып табылады, өйткені зертханалық зерттеу нәтижесі диагноз қоюға жеткілікті негіз бола алмайды.
Дұрыс диагностиканың кілті - зерттеуге дайындалудың бірнеше қарапайым ережелерін орындау. Өзіңізге тиісті назар аударып, қамқорлықпен қараңыз:
-
Қан анализінің көпшілігі таңертең аш қарынға тапсырылады (соңғы тамақ бір күн бұрын сағ 20.00-ден кеш болмауы тиіс, таңертең тек су ішуге болады)
-
Талдау нәтижесіне әсер ететін факторлардан аулақ болыңыз: физикалық белсенділік (жүгіру, баспалдақпен көтерілу және т.б.); эмоционалды қозу. Процедура алдында 10-15 минут демалып, тынышталған жөн.
-
Қан тапсыруға рентгенография, массаж, рефлексология, ректалды зерттеу немесе физиотерапиялық процедуралардан кейін бармаған дұрыс.
-
Көптеген дәрі-дәрмектер гематологиялық көрсеткіштерге және қанның ұю жүйесіне айтарлықтай әсер ететінін ескеру қажет.
-
Бактерияға қарсы препараттарды қолдану кезінде жұқпалы ауруларға жүргізілген зерттеулердің нәтижесі дұрыс ақпарат бермейді.
Инфекциялардың диагностикасы (гепатит, ЖҚЖА) жұқтыру кезеңіне және иммундық жүйенің күйіне байланысты. Сол себепті теріс нәтиже инфекцияны толығымен жоққа шығармайды. Күмәнді жағдайларда 4-5 күннен кейін талдаулы қайта жүргізу керек немесе ПТР әдісімен диагностикаға жүгінген дұрыс.
IgG, IgM, Іga кластары инфекцияларының қоздырғыштарына антиденелерге қанды зерттеу инфекция жұқтырғаннан 10-14 күннен кейін жүргізілуі керек, өйткені иммундық жүйенің антиденелерді өндірімі және олардың диагностикалық титрінің пайда болуы осы кезде басталады.
Онкологиялық ауруларды ерте анықтау үшін ісік маркерлері басқа клиникалық зерттеу әдістерімен кешенді түрде бірге анықталуы керек, өйткені бұл тексерулердің ешқайсысында 100% ерекшелік және сезімталдық жоқ. Сондықтан, диагностиканың бұл әдісі дербес әдіс ретінде ісік диагнозы қойылған жағдайда аурудың динамикасын бағалау кезінде ұсынылады.
Есіңізде болсын, зерттеуге қан алу кезінде тері мен тамыр қабырғалары тесіледі, орны ауырып, аздаған гематома шығуы мүмкін (егер пункция аймағы 3-5 минут ішінде спирттік мақтамен басылмаса).
Урогенитальды жолдан материал алған жағдайда зәр шығару кезінде уретрия бойы күшейіп ауыруы мүмкін.