Кері қайту
22 желтоқсан 2023

2023 жылдың 29 қазанында целиакия мәселелеріне арналған гастромектеп өтті

Целиакия - бұл глютенді тамаққа пайдалану салдарынан жұқа ішекті зақымдайтын созылмалы аутоиммунды ауру. Бүкіл әлемде 100 адамның 1-і целиакиядан зардап шегеді және тек 30% жағдайда ғана диагностикаланған болып табылады. Целиакияны уақтылы диагностикаламау әртүрлі асқынуларға әкелуі мүмкін.

 

Целиакияның пайда болу қатерінің тобы және целиакияға кім тексеруден өтуі тиіс?

  • Целиакия белгілері бар балалар мен ересектер
  • Целиакиямен ауыратын пациенттердің жақын туыстары
  • 1 типті қант диабеті
  • Қалқанша безінің аутоиммунды аурулары
  • Дәнекер тіннің аурулары
  • Даун синдромы
  • Тернер синдромы
  • Уильямс синдромы
  • Тітіркенген ішек синдромы​

 

Целиакия белгілері:

  • Тұрақты шаршау
  • Диарея/іш қату
  • Ауыздағы жаралар
  • Іштің ісінуі
  • Күю
  • Витаминдер тапшылығы
  • Құсу
  • Тері бөртпесі
  • Салмақ жоғалту​

ОЛИМП КДЗ-дағы целиакияны диагностикалауға арналған талдаулар

  • Тіндік трансглутаминазаға антиденелер, IgA
  • Тіндік трансглутаминазаға антиденелер, IgG
  • Глиадиннің аминсіздендірілген пептидтеріне антиденелер, IgA
  • Глиадиннің аминсіздендірілген пептидтеріне антиденелер, IgG​

Зерттеулер ҚР ДСМ ДИАГНОСТИКАСЫ МЕН ЕМДЕУДІҢ КЛИНИКАЛЫҚ ХАТТАМАСЫНА кіреді:

  • БАЛАЛАРДАҒЫ ЦЕЛИАКИЯ ҚР ДСМ 2015 жылғы 30 қарашадағы № 18 Хаттама
  • ЕРЕСЕКТЕРДЕГІ ЦЕЛИАКИЯ (ГЛЮТЕНДІ ЭНТЕРОПАТИЯ) ҚР ДСМ 2020 жылғы «16» шілдедегі бекіткен
  • № 107 хаттама​

 

Толығырақ:

Целиакия бойынша гастромектеп

Сұрақтарыңыз қалды ма? Бізбен хабарласыңыз