Акция! Интерлейкин-6 1000 теңгеден
Құрметті пациенттер!
13 маусымнан төмендегі қызметтерге акция жүреді:
- Интерлейкин-6 – бағасы 1000 теңге (8 860 теңге орнына)
Акция бойынша көрсетілетін қызметтерге дисконттық карта, әлеуметтік, ауылдық карталар бойынша және жаңа БАП ашылуына орай берілетін жеңілдіктер таралмайды.
Акция бүкіл Қазақстан бойынша жүреді.
Интерлейкин 6 (ИЛ-6, IL-6) – цитокин, қабынумен ілесіп жүретін аурулар кезіндегі иммундық жауаптың көрсеткіші. Қабыну медиаторы.
Пайдалану бойынша негізгі көрсетілімдер: ауыр қабынба аурулар мен бактериалды инфекциялар кезінде иммундық статусты зерттеу.
Жаңа туған нәрестелерде бактериалды сепсистің расталуы (жүктілік кезіндегі жатыр ішілік инфекцияның маркері). Интерлейкин-6 26 кДа молекулалық массасындағы гликопротеин болып табылады. Иммундық және жіті фазалық қабыну жауаптарын, сонымен қатар онкогенез бен гемопоэзды үйлестіретін цитокин болып саналады. Цитокин деп иммундық жүйенің жасушаларына бір бірімен ақпаратпен бөлісуге және іс-әрекеттерін үйлестіруге көмектесетін спецификалық ақуыздар аталады. Цитокиндер кейбір ақуыз молекулаларынан тұрады - интерферондар, ісік некрозы факторы (TNF), интерлейкиндер қатары, колония ынталандырушы фактор (CSF) және т.б.
Толығырақ:
Telegram-бот: @KDLOLYMPKZ_BOT