«Артық салмақ» профиліне 1.04 бастап 30.04.2023 дейін акция жүреді.
«Артық салмақ» профилі дененің артық салмағымен бірге ағзаның жай-күйін де бағалайды, сонымен қатар семіздікке әкелген негізгі себептерді анықтайды.
Себебі семіздік үнемі шамадан тыс тамақтанудың салдарынан туындамайды.
Семіздікпен көбіне гормоналды тепе-теңдіктің бұзылуы, бауыр патологиясы сияқты басқа да аурулар ілесіп жүреді.
Сондықтан артық салмақ пайда болған кезде ағзаңызды тексеру маңызды.
Сіз бұны осы айда «Артық салмақ» профиліне жүріп жатқан акция бойынша сәуірдің 1 мен 30 аралығында істей аласыз.
Профиль құрамына келесі талдаулар кіреді:
- Аланинаминотрансфераза (АЛТ), Аспартатаминотрансфераза (АСТ), Сілтілік фосфатаза (СФ), Гаммаглютамилтрансфераза (ГГТП), Билирубин тікелей және жалпы – бауырдың күйін бағалауға мүмкіндік береді.
- Жалпы ақуыз бен Альбумин – бұл ағзадағы ақуыздар тепе-теңдігі және құнарлы заттарды жеткізуші ақуыздардың саны.
- Глюкоза (қандағы қант), Гликозирленген гемоглобин семіздіктің кеңінен тараған салдары - қант диабетінің диагностикасы үшін қажет.
- Триглицеридтер, Холестерин жалпы, ЖТЛП және ТТЛП – май алмасуын және атеросклеротикалық үдерістің көрінімін сипаттайды. Олардың ара қатынастарынан атерогенділік индексі есептеледі.
- ТТГ , Т4 (тироксин) еркін және Анти-ТПО – ағзадағы заттар алмасуын реттейтін қалқанша безінің күйін бағалауға арналған скринингтік талдаулар.
- ФЫГ, ЛГ, Пролактин, Эстрадиол, Тестостерон және ДГЭА-сульфаты – адамның денесінің массасына тікелей әсер етеін гормондар
Назар аударыңыз! «Артық салмақ» профилі бойынша кешенді тексеру өткен кезде талдаулардың бағасы талдауларды жеке тапсырғаннан гөрі төменірек болады.
Жеке тапсырғандағы бағасы: 39 800 тг
Акция бойынша бағасы: 27 860 тг
Профиль ОЛИМП КДЗ желісінің барлық процедура кабинеттерінде қолжетімді.
Толығырақ:
Telegram-бот: @KDLOLYMPKZ_BOT
ОЛИМП КДЗ ресми Telegram-каналы