Миоглобин талдауы - бұлшықеттер мен миокардының зақымдалуының маркері
Миоглобин – әртүрлі патологиялық жағдайларда анықталатын қаңқалық бұлшықеттер мен миокардының (жүрек бұлшықеті) зақымдалу маркері
Миоглобиннің жоғары деңгейі дәрігерлерге келесі аурулар кезінде диагноз қоюға көмектеседі:
-
⠀ бұлшықеттердің қабынба аурулары (миозиттер, дерматомиозиттер, полимиозиттер);
-
⠀ қаңқалық бұлшықеттердің бүлінуімен сипатталатын тұқым қуалайтын аурулар (Дюшен миодистрофиясы, Ландузи-Дежерин миопатиясы және т.б.);
-
⠀ аутоиммунды аурулар (миастения);
-
⠀ ревматоидтық артрит.
⠀ Қан ағысына айтарлықтай мөлшерде миоглобиннің түсуі бүйректі зақымдай отырып, жіті бүйрек жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін
⠀ Сондықтан миоглобинге тест ауыр клиникалық жағдайлары бар адамдарға бүйректердің зақымдалу ықтималдығын анықтау үшін қажет:
-
⠀ полижарақаттар;
-
әртүрлі этиологиядағы құрысулар;
-
терең термиялық және химиялық күйіктер;
-
ұзақ қысылу синдромы (краш-синдромы);
-
амфетаминдер мен алкогольді шамадан тыс пайдалану.
«ОЛИМП КДЗ» зертханаларында «Миоглобинді қан сарысуынан иммунохемилюминесценция әдісімен анықтау» талдауын тапсыра аласыз.
Толығырақ:
(2) 59-79-69 (бүкіл Қазақстан бойынша)
36-30-05 (Семей қ. бойынша)
Telegram-бот: @KDLOLYMPKZ_BOT
ОЛИМП КДЗ ресми Telegram-каналы
Біздің TikTok-тағы аккаунтымызға жазылыңыздар
Біздің Instagram-дағы аккаунтымызға жазылыңыздар