7 маусым 2012
Гонорея емделмеуі мүмкін
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы жыныстық жолмен берілетін гонорея ауруы дәрі-дәрмектерге төзімді болып бара жатқандығы және болашақта емделмеуі мүмкін екендігі туралы баяндама жасады.
ДДСҰ дәрігерлер мен үкіметтің антибиотиктерге төзімді гонореяға көбірек көңіл бөлуін талап етіп, дабыл қағуда. ДДСҰ мамандарының пікірінше, гонорея тек қабынуға, бедеулікке, жүктіліктің асқынуына ғана емес, жүкті ананың өліміне де әкеліп соғуы мүмкін.
ДДСҰ статистикасы бойынша әлемде жыл сайын гонореяның 106 миллион жаңа жағдайы тіркеледі.
Кәдімгі дәрі-дәрмектерге төзімді гонорея түрлері соңғы жылдары Жапонияда, Ұлыбританияда, Гонконгта және Норвегияда табылды.
Материалдар бойынша: MIGnews
Сұрақтарыңыз қалды ма? Бізбен хабарласыңыз