18 қыркүйек 2023
ImmunoCAP ISAC - аллергияны зертханалық диагностикалаудың инновациялық әдісі
ImmunoCAP ISAC (Immuno Solid-phase Allergen Chip) — бұл дәстүрлі тәсілдемелерге қарағанда айтарлықтай артықшылықтар ұсынатын аллергияны зертханалық диагностикалаудың инновациялық әдісі.
ImmunoCAP ISAC басты ерекшеліктері мен артықшылықтары келесідей:
- Клиникалық маңыздылығы: Көп жылғы клиникалық қолдану мен ғылыми зерттеулер тәжірибесі ImmunoCAP ISAC құрамына тек клиникалық маңызды аллергендік компоненттердің қосылуын қамтамасыз етті:
- Қауіп маркерлері
- Предиктивті маркерлер
- Тоғыспалы реактивтілік маркерлері
- Жоғары дәлдік: детекцияның жоғары сезімтал әдісі, аллергендік шикізаттың меншікті өндірісі, аллергендерді үш нүктеде қайталаудың болуы және сарысуды сұйылту қажеттілігінің болмауы сияқты технологиялық ерекшеліктерінің арқасында ImmunoCAP ISAC нәтижелерінің жоғары дәлдігі мен сенімділігіне ие.
- CCD-ді блоктауды талап етпейді: ImmunoCAP ISAC E112i чип құрамында жеке CCD-маркерінің болуының арқасында нәтижелер түсіндірмесі сұрақ тудырмайтын CCD-ден тұратын 4 қана белгілі компоненттен тұрады.
- Сарысуды тиімді пайдалану: бірден 112 аллергендік молекулаға сезімталдықты талдау үшін барлығы 30мкл сарысу немесе плазма қажет.
- «Жұмбақ» аллергияларды қан тамшысынан түсіндіруге көмектеседі: идиопатикалық анафилаксия және күрделі клиникалық жағдайларды диагностикалауда ұсынылған.
- Нәтижені автоматты түрде интерпретациялау: Phadia Xplain дәрігерлерге емдеу стратегиясын дәлдірек анықтауға, аллергенмен контактіні болдырмау және иммунотерапияны қолдану бойынша ұсыныстар әзірлеуге көмектесетін нәтижелер бойынша жинақ есеп және графикалық иллюстрация түрінде нақты ұсыныстар ұсынады.
ImmunoCAP ISAC мүмкіндіктері туралы көбірек біліңіз: Видеоға сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=l3fY27bvdPI.
ImmunoCAP ISAC - аса жоғары дәлдік, әр пациентке жеке көңіл бөлу және аллергиялық реакцияларды басқарудағы тиімділікті қамтамасыз ететін аллергияны диагностикалаудың күшті құралы.
Толығырақ:
Telegram-бот: @KDLOLYMPKZ_BOT
ОЛИМП КДЗ ресми Telegram-каналы
Сұрақтарыңыз қалды ма? Бізбен хабарласыңыз