Кері қайту
14 қазан 2023

“Кардиориск.Кеңейтілген” профилі құрамының өзгеруі

Құрметті пациенттер!

Біз сіздерге жүректеріңіздің саулығын нақты бағалауға көмектесетін “Кардиориск.Кеңейтілген” профилі құрамының жаңартылуы туралы маңызды ақпаратты қуанышпен хабарлаймыз.Профильге жаңа талдау қосылды:

Жаңартылған профиль келесі талдаулардан тұрады:

Профиль жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін және де бар патологиялардың ауыртпалығын көрсетеді.

 

Триглицеридтер – атеросклероздың дамуына қатысатын майлар.

Жалпы холестерин – ағзаның көптеген жасушаларының құрылымдық компоненті.

Холестериннің мөлшерден тыс болуы атеросклеротикалық түйіншектердің құрылуына әкеледі.

Холестеринді шартты түрде 2-ге бөлуге болады: «пайдалы» - ЖТЛП және «зиянды» - ТТЛП

ТТЛП – холестериннің атеросклеротикалық түйіншектер құрайтын түрі.

ЖТЛП – холестериннің антиатерогендік қасиеттері бар түрі.

Атерогендік индексі (тегін) – атеросклероз дамуы қаупінің дәрежесі.

Глюкоза – глюкозаның қанда мөлшерден тыс болуы (үнемі емес) қант диабетінің бар екендігін көрсетуі мүмкін.

А1 аполипопротеині - атеросклероз дамуының алдын алуға қажет зат.

В аполипопротеині - холестериннің ағзада жиналуына септігін тигізетін зат.

С-реактивті ақуыз Кардио - атеросклероздың ауырлығын көрсетеді.

Тропонин-I – миокардқа тән кардиомиоциттер миофиламенттерінің контрактильді элементімен байланысты жоғары

спецификалық реттеуші протеиндер болып табылады.

"Кардиориск.Кеңейтілген" профилі жеке тапсырғанда 23 020 теңге орнына небәрі 18 420 теңге тұрады!

Барлық талдауларды жеке тапсырғаннан гөрі профиль бойынша тапсыру бағасы әрқашан арзанырақ.

“Кардиориск.Кеңейтілген” профилі бүкіл Қазақстан бойынша барлық процедура кабинеттерінде қолжетімді.

 

Толығырақ:

Telegram-бот: @KDLOLYMPKZ_BOT

ОЛИМП КДЗ ресми Telegram-каналы

Біздің TikTok-тағы аккаунтымызға жазылыңыздар

Біздің Instagram-дағы аккаунтымызға жазылыңыздар

Сұрақтарыңыз қалды ма? Бізбен хабарласыңыз