Ақтау қаласының тұрғындары үшін сапалы зертханалық зерттеулер
Ақтау қаласында «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханалар желісінің емдеу бөлмесі мен зертханасының ашылуы өтті
«ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханалар желісі медициналық қызметтер нарығында 2007 жылдың қаңтарынан бастап ұсынылған және бүгінгі таңда ҚР аумағындағы жеке меншік зертханалар арасында көшбасшы болып табылады. 2016 жылы зертхана «Қазақстандағы № 1 клиникалық-диагностикалық зертханалар желісі - 2016» номинациясы бойынша «Жыл таңдауы - 2016» байқау-фестивалінің жеңімпазы атанды. Ал 2017 жылдың қаңтарында «ОЛИМП» желісіне 10 жыл толады! Осы оқиғаға орай Сізді – біздің құрметті пациенттерімізді көптеген сыйлықтар күтуде, олардың ішінде барлық талдауларға 10% жеңілдік. Өйткені осы жылдар ішінде Сіздің сеніміңіздің арқасында компания үлкен жетістіктерге жетті: ол Қазақстанның 14 облысы мен республикалық маңызы бар 2 қаласында жұмыс істейді, 18 зертханалық кешені мен биоматериал алу бойынша 200-ден астам емдеу бөлмелері бар.
2014 ж. бастап «ОЛИМП КДЗ» ISO 15189:2012 халықаралық зертханалық сапа стандарты бойынша аккредиттелген, бұл орындалатын зерттеулердің жоғары сапасын көрсетеді, сондай-ақ пациентті шетелге емделуге жіберген жағдайда «ОЛИМП КДЗ» нәтижелерін қосымша растаусыз ұсынуға мүмкіндік береді. «ОЛИМП КДЗ» білікті персоналмен қамтамасыз етілген, оның жеке техникалық және ІТ-қолдау қызметтері, реагенттермен және шығыс материалдарымен үздіксіз жабдықтау үшін материалдық қамтамасыз ету және логистика қызметтері бар.
Бүгінгі таңда пациенттерге 2000-нан астам зерттеу қолжетімді. Сирек кездесетін, оның ішінде генетикалық ауруларды диагностикалау үшін қажетті кейбір жоғары технологиялық сынақтар 2015 жылы «ОЛИМП КДЗ» серіктес аталған ірі еуропалық Synlab, Limbach, Centogene зертханаларының негізінде жүргізіледі. Сондай-ақ, Қорған «Молекулярлық-генетикалық сараптама орталығымен» жасалған келісімнің арқасында барлық ниет білдірушілерге туыстықтың түрлі дәрежелерін анықтау үшін ДНҚ-сараптамалар қолжетімді. «ОЛИМП» КДЗ желісінің шетелдік зертханалармен ынтымақтастығы қазақстандықтарға шетелге зерттеуге барудың қажеттілігінсіз біздің өңір үшін бірегей зерттеулерге оңай қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Біз Сізді мына мекен-жай бойынша күтеміз: Ақтау қаласы, 22 ш/а, 20-үй.