Ақтөбе қаласында ОЛИМП КДЗ-ң ашылуы
12 наурызда Қазақстандағы зертханалық диагностика нарығында көшбасшы болып табылатын ОЛИМП клиникалық-диагностикалық зертханасы Ақтөбеде аймақтық зертханасын ашты. ОЛИМП зертханасының ашылуы қала тұрғындарына жедел қызмет көрсетудің барлық артықшылықтарын және ОЛИМП КДЗ ұсынатын қызметтердің кең спектрін сезінуге мүмкіндік береді, бұған дейін тек Астана мен Қарағанды тұрғындары ғана пайдалана алған болатын. Сонымен қатар, зертханалық диагностикалық қызметтердің кеңеюі Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысының тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Ал медициналық көмектің сапасын арттыру – «Қазақстан-2030» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі.
ОЛИМП КДЗ – зертханалық диагностика саласындағы қызметтер нарығында 3 жылдан астам жұмыс істеген Қазақстан аумағында құрылған ең ірі жеке дербес зертхана. Осы жылдар ішінде 100 мыңнан астам адам зертхана жүргізген зерттеулердің жоғары сапалылығына көз жеткізді. ОЛИМП КДЗ-дің Астанада да, өзге аймақтарда да емшара бөлмесінің кең желісі таралған, осылайша қол жетімді, жоғары сапалы зертханалық диагностиканы тұтынушыларға тікелей жеткізеді.
Ақтөбедегі ОЛИМП КДЗ – Астана мен Қарағандыдан кейінгі үшінші ірі технологиялық кешен. Компания Қазақстанның басқа аймақтарында зертханалар ашуды, сондай-ақ Батыс өңірінен де медициналық кабинеттер желісін одан әрі дамытуды жоспарлап отыр.
Егер баға саясаты туралы айтатын болсақ, ОЛИМП КДЗ орташа нарықтық бағаларды ұсынады және демпингтік мақсаттарды көздемейді. Зертханалық қызметтердің құны негізсіз емес және зерттеудің күрделілігіне байланысты. Орташа алғанда, ол қарапайым талдаулар үшін 300 теңгеден басталып, күрделілігі жоғары зерттеулер үшін бірнеше мыңға дейін жетеді.
ОЛИМП КДЗ қызметтеріне жеке және корпоративтік клиенттер ретінде – Ақтөбе медициналық клиникалары қызығушылық танытуда. Кәсіпорын қазірдің өзінде қаладағы бірнеше жекеменшік медициналық орталықтармен ынтымақтастық туралы келісімге келген. Сонымен қатар, ОЛИМП КДЗ мемлекеттік емханалармен байланыс орнатып, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында мемлекеттік тапсырыстарды орындауға атсалысып келеді, оның дамуы туралы мемлекет басшысы өз сөзінде бірнеше рет атап өтті.
Бүгінгі таңда ОЛИМП КДЗ өз клиенттеріне (заңды және жеке тұлғаларға) биохимиялық, гормоналды зерттеулер, ісік маркерлері, цитология және ПТР диагностикасын қоса алғанда, 500-ден астам медициналық талдау түрлерін ұсынады. Науқастарға ыңғайлы болу үшін зертхана мамандары бірегей диагностикалық бейіндерді құрастырды, олардың әрқайсысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы ұсыныстарын ескере отырып әзірленген кешенді зертханалық тексеру бағдарламасын білдіреді. Барлық талдаулар соңғы буынның автоматты анализаторларында орындалады, бұл нәтижелердің жоғары дәлдігіне кепілі және қол манипуляцияларына байланысты қателер мүмкіндігін болдырмайды. Қан алу үшін тек бір реттік вакуумдық жүйелер қолданылады. Вакуумды жабық жүйелерді қолдану науқас пен маман үшін мүмкіндігінше ыңғайлы және науқас қанының қоршаған ортамен байланысын болдырмайтындықтан қауіпсіз болып табылады.
Зертхана клиенттерге жылдам және дәл нәтижелерді ұсынады, оны сол күні кез-келген ыңғайлы жолмен – курьерлік жеткізу, электронды пошта, телефон, факс арқылы алуға болады. Қандай да бір себептермен емдеу бөлмесіне келе алмайтындар үшін үйге шақыру қызметі жұмыс істейді.
ОЛИМП КДЗ – барлық технологиялық үдерістерді автоматтандыруға мүмкіндік беретін зертханалық ақпараттық жүйемен жабдықталған Қазақстандағы жалғыз зертхана. Зертханаға кіретін кез-келген түтікте әрбір науқасқа берілетін штрих-код болады. Сондықтан талдаулар араласып кетпейді. Сонымен қатар, бұл жүйе зерттеу нәтижелерін мұрағаттауға, белгілі бір көрсеткіштердегі динамикалық өзгерістерді бағалауға мүмкіндік береді, бұл дәрігерлерге нақты диагноз қоюда және дұрыс емдеуді таңдауда қосымша көмек болып табылады.