Кері қайту
18 қаңтар 2018

Бүгін «ОЛИМП КДЗ» желісіне 11 жыл!

2007 жылғы 18 қаңтардан бастап біз зертханалық диагностика саласында жұмыс істейміз және дәрігерлер мен пациенттерді бүкіл Қазақстан бойынша сенімді талдаулармен қамтамасыз етеміз.

Осы кезең ішінде:

  • Қазақстан бойынша 230-дан астам емдеу бөлмесі пен 18 зертхана ашылды;
  • 45 000 000-нан астам талдау жасалды;
  • 12 000 000-нан астам пациент зертханалық диагностикадан өтті.

Айта кету керек, «ОЛИМП КДЗ» – Қазақстанда өзінің Астана және Алматы қалаларындағы екі зертханасы үшін ISO 15189 стандартының талаптарына сәйкестігіне халықаралық аккредитация алған алғашқы жеке клиникалық-диагностикалық зертханалар желісі. Бұл осы зертханаларда жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін шетелде тануға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, қазіргі уақытта желінің тағы сегіз зертханасы ҚР СТ ISO 15189 бойынша ұлттық аккредиттеу жүйесінде аккредиттелген және басқа зертханаларды аккредиттеу процесі компанияның стратегиялық даму жоспарына сәйкес жалғасуда. Бүгінгі таңда 1500-ден астам жеке және мемлекеттік клиникалар біздің серіктестеріміз болып табылады. Қазақстанның бірқатар қалалары мен облыстарындағы көптеген зертханалық зерттеулер «ОЛИМП КДЗ» зертханаларының базасында орталықтандырылады, соның арқасында ел халқы заманауи зертханалық жабдықта жоғары сапалы диагностика алады. 2017 жылы «ОЛИМП КДЗ» франшизасы іске қосылды және франчайзи серіктестерінің саны 24-ке жетті.

«ОЛИМП КДЗ» екі рет (2016 және 2017 жылдары) Қазақстандағы «№1 клиникалық-диагностикалық зертханалар желісі « болып танылды!

Біз өз жетістіктерімізді мақтан тұтамыз және пациенттер мен дәрігерлерге сенім артқандарыңыз үшін алғыс айтамыз!

Сұрақтарыңыз қалды ма? Бізбен хабарласыңыз