Кері қайту
7 тамыз 2017

Арнайы ұсыныс! «Бауырды тексеру» профиліне 50%-ға дейін жеңілдік.

1-31 тамыз аралығында «ОЛИМП КДЗ» желісінің барлық емдеу бөлмелерінде «Бауырды тексеру» профиліне 50% дейін жеңілдік қолданылады.

Байланыс орталығы: 59-79-69 (Астана қ. және облыс орталықтары), 259-79-69 (Алматы қ.), 36-30-05 (Семей қ.)

«Бауырды тексеру» профилі бауыр жағдайын кешенді профилактикалық диагностикалауға арналған. Талдаулардың бұл спектрі бауырдың қандай да бір нақты ауруының болуын көрсетпейді, алайда ол бауырдың жұмыс қабілеттілігін және белгілі аурудың айқындылық дәрежесін неғұрлым дәл бағалауға мүмкіндік береді.

АЛТ, АСТ - бауыр жасушалары бұзылған кезде қанағымына түсетін жасушаішілік ферменттер;

Сілтілік фосфотаза - бауыр жасушаларының өлуіне немесе өт жолдарының бітелуіне байланысты қанда пайда болады;

Альфа-амилаза – қан деңгейінің жоғарылауы ұйқы безінің, сондай-ақ өт жолдарының ауруларына тән (мысалы, холецистит);

Гаммаглютамилтрансфераза (ГГТП) - бауырдың көптеген патологияларында, сондай-ақ бауырға теріс әсер ететін дәрі-дәрмектерді қабылдау нәтижесінде концентрациясы жоғарылайтын тағы бір жасушаішілік фермент;

Лактатдегидрогеназа (ЛДГ) – аурудың ауырлығының көрсеткіші ретінде бауыр жағдайын ақпараттық диагностикалау үшін;

Жалпы ақуыз – бауырдың функцияларының бірі - жаңа ақуыз молекулаларын құру. Бауыр ауруларында қандағы ақуыз деңгейі күрт төмендейді;

Альбумин - бауыр ауруларында мөлшері азаятын өмірлік маңызды ақуыздардың бірі. Талдау альбуминдерді көктамыр ішіне енгізу қажеттілігі туралы шешім қабылдау үшін қажет;

Билирубин тікелей және жалпы - бауыр патологиясы кезінде организмде зат алмасуы бұзылатын зат. Оның кесірінен «сары» ауру пайда болады. Осы екі көрсеткіштің арақатынасы бойынша сарғаюдың себебін болжауға болады. Айта кету керек, терінің сарғаюы билирубин концентрациясы рұқсат етілген мөлшерден 2 есе жоғарылаған кезде пайда болады.

Сұрақтарыңыз қалды ма? Бізбен хабарласыңыз