Кері қайту
29 шiлде 2025

Атырауда Шәуетграмма тапсыру мүмкіндігі қолжетімді болды

Шәуетграмма - ер адамның ұрықтандыру қабілетін бағалауға арналған тұқымдық сұйықтықты зертханалық зерттеу.

Талдау арқылы мыналарды анықтауға болады:

  • Эякуляттағы шәует жасушаларының саны
  • Олардың  қозғалғыштық дәрежесі
  • Шәуеттің көлемі, тығыздығы және тұтқырлығы
  • Шәуетте лейкоциттердің және басқа да бөгде жасушалардың болуы

Атырауда ОЛИМП КДЗ зертханасында келесі зерттеулер қолжетімді:

  • Шәуетграмма
  • Эякулятта IgA класты антиденелерге MAR-сынағы
  • Эякулятта IgG класты антиденелерге MAR-сынағы

Талдау қалай өткізіледі:

  • Материалды емделуші ОЛИМП КДЗ емдеу кабинетінің арнайы жабдықталған бөлмесінде дербес жинайды.

Шәуетграммалар нәтижелеріндегі ықтимал ауытқулардың кейбіреулері мыналарды қамтиды:

  • Некрозооспермия: ұрықтағы шәует жасушаларының көпшілігі немесе барлығы - өлі
  • Азооспермия: эякулятта шәует жасушаларының болмауы, ұрық шығару арналарындағы кедергілерден немесе шәует жасушаларының пайда түзілуінің бұзылулардан дамуы мүмкін
  • Астенозооспермия: шәует жасушаларының қозғалғыштығының төмендеуі
  • Лейкоцитоспермия:  қабыну процесін көрсететін лейкоциттердің жоғары мөлшері
  • Гематоспермия: шәуетте қанның болуы, жарақаттың немесе инфекцияның ықтимал белгісі
  • Пиоспермия: қабынумен байланысты шәуетте іріңнің болуы
  • Олигоспермия: шәует құрамында шәует жасушалары аз болатын жағдай
  • Тератозооспермия: қалыптан тыс пішінді шәует жасушаларының санының артуы

Шәуетграмма қол жетімді қалалардың тізімі:

  • Астана қаласы, Манкент тұйық көшесі, 2;
  • Алматы қаласы, Төле би көшесі, № 277 үй;
  • Шымкент қ., Бәйтереков көш., 51/1;
  • Өскемен қаласы, Шәкәрім даңғылы, 156;
  • Орал қ., Темір Масин 44/1;
  • Атырау қ., Нұрсая ш.а., 1-өтпе жол, учаске 8;
  • Ақтау қаласы, 22 шағын аудан, 20;
  • Талдықорған қ., Гаухар Ана көш. 87;
  • Павлодар қ., Ломов көш. 49/3;
  • Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 59.
  • Атырау қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 74/5-үй, 3-блок
Сұрақтарыңыз қалды ма? Бізбен хабарласыңыз