Кері қайту
21 мамыр 2025

Шәуетграмма енді Көкшетауда қолжетімді

Шәуетграмма - ер адамның ұрықтандыру қабілетін бағалау үшін қолданылатын шәуетті зерттеу.

Талдау келесіні анықтауға мүмкіндік береді:

  • Шәует жасушаларының концентрациясын
  • Шәует жасушаларының қозғалғыштығын
  • Эякуляттың көлемі мен тұтқырлығын
  • Шәует жасушаларында лейкоциттер мен басқа жасушалардың болуын

Көкшетау қаласында қолжетімді талдаулар тізімі:

  • Шәуетграмма
  • MAR-тест эякулятында IgA санатындағы шәуетке қарсы антиденелерді анықтау
  • МAR-тест эякулятында IgG санатындағы шәуетке қарсы антиденелерді анықтау

Шәует қалай тапсырылады:

Материалды емделуші ОЛИМП КДЗ емдеу  бөлмесінің арнайы жабдықталған үй-жайында  дербес жинайды.

Шәуетграмма нәтижелеріндегі кейбір ықтимал ауытқуларға мыналар жатады:

  • Некрозооспермия: шәует жасушаларының көп бөлігі немесе барлығы - өлі
  • Азооспермия: эякулятта шәует жасушаларының болмауы қан тамырларының бітелуінен немесе сперматогенездің бұзылуынан туындауы мүмкін
  • Астенозооспермия: шәует жасушалары қозғалғыштығының төмендеуі
  • Лейкоцитоспермия: қабыну процесін көрсететін лейкоциттер санының жоғарылауы
  • Гематоспермия: ұрықта қанның болуы, жарақаттың немесе жұқпаның ықтьимал белгісі
  • Пиоспермия: ұрықта қабынумен байланысты іріңнің болуы
  • Олигоспермия: шәуетте шәует жасушалары аз болатын жағдай
  • Тератозооспермия: қалыптан тыс нысанмен шәует жасушаларының жоғары саны

Шәуетграмма қолжетімді қалалардың тізімі:

  • Астана қаласы, Манкент тұйық көшесі, 2;
  • Алматы қаласы, Төле би көшесі, 277;
  • Шымкент қаласы, Бәйтереков көшесі, 51/1;
  • Өскемен қаласы, Шәкәрім даңғылы, 156;
  • Орал қаласы, Темір Масин көшесі, 44/1;
  • Атырау қаласы, Нұрсая ш.а., 1-өтпежол, 8-учаске;
  • Ақтау қаласы, 22 шағын аудан, 20;
  • Талдықорған қаласы, Гаухар Ана көшесі, 87;
  • Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 49/3;
  • Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 59.
Сұрақтарыңыз қалды ма? Бізбен хабарласыңыз