Спермограмма енді Өскемен мен Шымкентте бар.
Құрметті пациенттер!
Біз сіздерге Өскемен қ., Шәкәрім даңғылы, 156 мекенжайы және Шымкент қ., Бәйтереков көшесі, 51/1 мекенжайы бойынша енді Спермограмма тапсыруға болатыны туралы қуана хабарлаймыз
Спермограмма – ер адамның бала бітіру қабілетін бағалау үшін қолданылатын сперманың зерттелуі. Аталған талдауда сперманың мөлшері мен сапасы бағаланады.
Сперма – сперматозоидтан тұратын тұтқыр ақшыл сұйықтық. Сперматозоидтар – сперманың басы мен құйрығы бар жасушалары. Қалыпты жағдайда олар қозғалғыш және алға ұмтылады. Сперматозоидтардың аталған қабілеті оларға әйел ағзасының ішінде аналық жасушаға жетуге және онымен бірлесуге мүмкіндік бере отырып, ұрықтандыруға әкеледі. Сперманың сынамасында олардың қызмет етуіне және ұрықтандыру үдерісіне қажет миллиондаған сперматозоидтар мен фруктозаның, коагулянттық заттар, лубриканттар мен ферменттердің әртүрлі мөлшері бар.
Дайындық ережелері:
- Үлгілерді жыныстық қатынастан тартынудан кейін 2-7 күнге дейін жинау қажет. Бұл кезеңде алкоголь пайдалануға, дәрілік препараттар қабылдауға (дәрігердің тұрақты қабылдауға көрсетілгендерінен басқа) тыйым салынады, жоғары температураның әсерін болдырмау керек (моншада/саунада, өндірісте, қызуы көтерілген жағдайда), сонымен қатар УЖЖ әсерінен аулақ жүру қажет.
- Тапсырудан бір күн бұрын ауыр физикалық және психологиялық жүктемелерден бас тартқан жөн.
- Талдау тапсырардан ең кем дегенде үш сағат бұрын темекі шегуге тыйым салынады.
- Эякулятты қабыну сипатындағы аурулар кезінде тапсырмаған жөн.
- Зерттеуді сауыққаннан кейін бір аптадан кейін тапсыру ұсынылады.
- Талдауды алу зертхананың арнайы бөлінген жайында жүргізіледі.
Спермограмманы қабылдайтын қалалар тізімі:
- Астана қ., Манкент тұйық көшесі, 2;
- Алматы қ., Төле би көшесі, № 277 үй;
- Шымкент қ., Бәйтереков көшесі, 51/1;
- Өскемен қ., Шәкәрім даңғылы, 156;
- Орал қ., Темір Масин көшесі, 44/1;
- Атырау қ., Нұрсая ш.ауд., 1 жол, 8 бөлімше;
- Ақтау, 22 ш.ауд., 20;
- Талдықорған, Гаухар Ана 87.
Толығырақ:
Telegram-бот: @KDLOLYMPKZ_BOT
ОЛИМП КДЗ ресми Telegram-каналы