Астана мен Қарағандыда "ОЛИМП" КДЗ желісінде жаңа D-димер коагулологиялық тесті енгізілді
D-димер - фибриннің ажырату өнімі. D-димер - тромб түзілу және фибринолиз үдерістерінің маркері (тамырішілік тромбтардың және тамырдан тыс фибрин шөгінділерінің еруі).
Қандағы D-димерді талдауы арқылы дәрігер фибриннің түзілуі мен ыдырау үдерісі — тромбоз және фибринолиздің қалай жүретінін бағалай алады. Коагулограмманы зерттеу кезінде D-димер талдауы өте маңызды, өйткені қандағы D-димер екі үдеріс те орын алған жағдайда ғана түзіледі.
Қанның ұюының бұл көрсеткішін зерттеу тромбоздық жағдайларды, терең тамыр тромбозын, өкпе эмболиясын, DИК-ті және жүктіліктің асқынуын диагностикалауда қолданылады.
80 жастан кейін D-димер деңгейі көтеріле бастайды.
Жүктілік кезінде қандағы D-димер біртіндеп жоғарылайды, мерзімнің соңына қарай қалыптан 3-4 есе көп болады. Қандағы D-димердің одан да үлкен мәндері жүктіліктің асқынуын білдіреді - гестоз, преэклампсия және жүкті әйелдерде, қант диабетімен, бүйрек ауруларымен ауыратындарда байқалады.
D-димердің жоғарылауы тіндердің жаппай зақымдануына тән, кең гематомалар, хирургиялық араласулар салдарынан жоғарылайды және ауыр аурулардың белгісі болуы мүмкін:
- терең тамыр тромбозы
- ДИК (ДВС) синдромы
- өкпе тромбоэмболиясы
- жұқпалы аурулар, сепсис
- онкологиялық аурулар
- бауыр аурулары
- ишемиялық ауру, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі.