Кері қайту
бастап31.05.2025дейін30.06.2025
24 күнқалды

Маусым науқаны! "Вегетариандық" профилі 2025 жылғы 1 және 30 маусым аралығында

14,500 ₸ орнына25,220 ₸

Смузи, киноа, брокколи…сонда да энергияңыз нөлде ме?

Профиль құрамы:

  • D дәрумені (25-ОН)
  • В12 дәрумені
  • Ферритин
  • Жалпы кальций (Са)
  • Темір (Fe)
  • Жалпы ақуыз
  • Жалпы холестерин
  • Бейорганикалық фосфор
  • ЖҚТ

 

Бөлек-бөлек бағасы: 25 220 тг

Науқан бойынша бағасы: 14 500 тг

 

Ет, балық және басқа да жануарлардан алынатын өнімдерден бас тартқаннан кейін ағзаның жай-күйін үнемі тексеріп отыру маңызды. Тіпті әртүрлі вегетариандық рацион кезінде де ағзаға бірқатар заттар: темір, В12 дәрумені, D дәрумені, кальций, ақуыз және т.б. жетіспеуі мүмкін.

 

D дәрумені

Стероидты гормон ретінде әрекет ететін майда еритін зат, оның негізгі қызметі ішекте кальцийдің сіңуін арттыру болып табылады. УК-сәулелену әсерінен теріде синтезделеді, сондай-ақ майлы балық, жұмыртқа сарыуызы құрамында бар.

Тапшылық белгілері:

  • Шаршау
  • Сүйектер мен бұлшықеттегі ауырсыну
  • Шаштың түсуі
  • Жиі суық тию

Салдары:

  • Остеомаляция
  • Иммунитеттің төмендеуі
  • Остеопороз

 

B12 дәрумені (цианокобаламин)

Қантүзілімге, ДНҚ синтезіне, жүйке жүйесінің жұмысына қажетті дәрумен. Ет, бауыр, балық, жұмыртқа, сүт өнімдері құрамында бар. В12 дәрумені өсімдік тектес барлық тағамдарда болмайды, ағзада анағұрлым нашар сіңеді.

Тапшылық белгілері:

  • Іштің ауыруы
  • Әлсіздік
  • Бұлшықеттердің түйілуі
  • Ашушандық
  • Сирек жағдайларда глоссит (тілдің жануы)

Салдары:

  • Мегалобластикалық анемия
  • Жүйке жүйесіндегі дегенеративті өзгеріс
  • Есте сақтау қабілетінің нашарлауы

 

Кальций

Минерал бұлшықет жиырылуына, қанның ұюына, жүйке импульстарының берілуіне қатысатын сүйек тінінің негізі болып табылады. Сүт өнімдері құрамында бар, өсімдік өсімдік тағамдардан алынған кальций ағзаға анағұрлым нашар сіңетінін ескеру қажет. Кальций тапшылығы сүт өнімдерін аз тұтынатын адамдарда жиі кездеседі.

Тапшылық белгілері:

  • Құрысулар
  • Тырнақ сынғыштығы
  • Шаштың түсуі
  • Тісжегі
  • Ұйып қалу
  • Жүрек жұмысындағы бұзылула

Салдары:

  • Остеопения
  • Остеопороз
  • Сүйектердің сынғыштығы

 

Жалпы ақуыз

Қан плазмасындағы барлық ақуыздардың (альбумин және глобулин) жиынтық концентрациясы. Ет, балық, жұмыртқа, сүт өнімдері құрамында бар. Ақуыз тапшылығы қатаң диеталар, шектеулі рацион салдары немесе вегетарианшыларда болуы мүмкін.

Тапшылық белгілері:

  • Салмақ жоғалту
  • Тырнақтың сынғыштығы, шаштың түсуі
  • Ісіну
  • Ұйқысыздық
  • Үлкен дәреттің бұзылуы
  • Іштің ауыруы

Салдары:

  • Ақуыз-энергия тапшылығы (АЭТ)
  • Бұлшықет қалыптасуындағы бұзылулар
  • Иммундық жүйенің әлсіреуі

 

Темір және ферритин

Темір - гемоглобин түзуге, оттегін тасымалдауға қажетті микроэлементтер. Ферритин деңгейі ағзадағы темір қорын көрсетеді.

Темір екі негізгі көзден келіп сіңеді:

Гем (жақсы сіңеді):

  • Қызыл ет
  • Құс еті
  • Балық және теңіз өнімдері

Бейгем (өсімдік тектес темір - нашар сіңеді):

  • Бұршақ тұқымдастар 
  • Асжапырақ, брокколи
  • Жаңғақтар, дәнектер
  • Тұтас дәнді дақылдар
  • Кептірілген жемістер (кептірілген өрік, мейіз және т.б.)

Тапшылық белгілері:

  • Шаршағыштық, әлсіздік, ұйқышылдық
  • Есте сақтаумен және зейінмен байланысты мәселелер
  • Бастың ауыруы, бастың айналуы
  • Шаштың түсуі, тырнақтың сынғыштығы
  • Жиіленген жүрек соғысы

Салдары:

  • Темір тапшылығы анемиясы
  • Иммундық жүйенің әлсіреуі
  • Физикалық және психикалық жұмыс қабілетінің төмендеуі

 

Холестерин

Ағзаның барлық жасушаларында болады және метаболизм процестерінде шешуші рөл атқарады: гормондардың, D дәрумені мен өт қышқылдарының синтезіне, сондай-ақ жасуша мембраналарының құрылысына қатысады. ТТЛП (зиян) және ЖТЛП (пайдалы) болып бөлінеді.

Жұмыртқаның сарыуызы, ет, сүт өнімдері құрамында бар.

Тапшылық белгілері:

  • Тәбеттің болмауы
  • Әлсіздік, шаршағыштық
  • Стеаторея
  • Лимфа түйіндерінің ұлғаюы және қабынуы
  • Күйгелектік
  • Либидоның төмендеуі

Салдары:

  • Инсульт тәуекелі
  • Жүрек-қан тамырлары ауруларының тәуекелі
  • Депрессия

 

Фосфор

Минерал ағзаның көптеген зат алмасу, әсіресе жүйке мен сүйектің қалыптасу процестеріне қатысады. Сүт өнімдері, балық, жұмыртқа, ет құрамында бар.

Тапшылық белгілері:

  • Әлсіздік
  • Тез шаршау
  • Бұлшықеттердегі ауырсыну
  • Жиі суық тию

Салдары:

  • Остеомаляция
  • Жүйке жүйесімен мәселелер
  • Бүйрек функциясының бұзылуы