Кері қайту

Альбумин/креатининнің несептің бір бөлігіндегі ара қатынасы

Альбумин/креатининдік арақатынас (ACR) - бұл бүйрек ауруларының даму қауіпінің факторы болып табылатын қант диабеті мен артериалдық гипертензиясы бар емделушілерді тексеретін скринингтік әдіс Зерттеулер көрсеткендей, бүйрек ауруларын ерте диагностикалау аурудың болжамын және емдеу тиімділігін жақсартады. Қант диабеті бар науқастарда гликемияны және гипертониктерде артериалдық қысымды бақылау бүйрек ауруларының дамуын баяулатады, кейде тоқтатады.

Альбумин – бұл протеин, қанда көп мөлшерде болады. Бүйректің қалыпты жұмысы кезінде зәрде альбумин іс жүзінде болмайды, сондықтан зәрмен альбумин экскрецияның деңгейін анықтау бүйрек ауруларын диагностикалау, шырқалуын бағалау және емді бақылауда маңызды рөлді атқарады. Зәрде альбуминнің жоғарлауы жүрек-қан тамырлар ауруларының даму қаупінің факторы және бүйрек ұлпасының зақымдануының ерте белгілерінің бірі болып табылады. Альбуминнің зәрмен шығуы (экскрециясы) тәулік бойы айтарлықтай өзгеріске ұшырап отырады, бұл физикалық белсенділікке, емдәм (диета), циркадты ырғаққа және басқа да факторлармен байланысты, осы себептен зәр талдауының таңертеңгілік мөлшерінде альбумин анықталған кезде талдауды қайталап өткізу немесе тәуліктік зәрді тапсыру қажет.

Бүгінгі күні протеинурияны диагностикалаудың «алтын стандарты» тәуліктік зәрден нәруызды анықтау болып табылады. Алайда бұл зерттеуді орындауда зәрді 24 сағат бойы жинау қиындалған. Альбуминурияны диагностикалауды оңайлату үшін бір реттік зәр мөлшерінде альбуминнің концентрациясын өлшеу және бұл мәнді зәрдің осы өлшенген бөлігінде креатинин бойынша түзету ұсынылған болатын. Осылай альбумин-креатиндік арақатынас (Albumin-to-Creatinineratio, ACR) алынған болатын. Бұл зәрге түскен альбумин мөлшерін нақты анықтау үшін қажет. Зәрдің концентрациясы күні бойы өзгеріп отырады және күні бойы қабылдаған сұйықтық мөлшеріне байланысты, бұл зәрдегі альбумин концентрациясының өзгеруіне әкеледі.

Креатинин бұлшықет метаболизмінің өнімі, экскрецияның тұрақты жылдамдығына ие болады. ACR талдау нәтижелері іс жүзінде толығымен тәуліктік зәр талдауының нәтижесімен келісіледі. Жоғары ақпараттылығы мен ACR талдауының жеңіл орындалуын ескере отырып, диабет бойынша Американдық Ассоциациясы бүйрек ауруларын ерте анықтау үшін альбуминурияға скринингтік сынақ ретінде ACR ұсынған. Зәрде альбумин мөлшері айтарлықтай айырмашылығы болатындықтан ACR жоғары болғанда диагнозды растау үшін 3-6 ай бойы екі рет қайталап тексерген жөн.