Кері қайту

Антиген CA 19-9 (асқазан, ұйқы безі)

Көмірсулы антиген 19-9 – ұрықта көп мөлшерде синтезделетін жоғары молекулалы нәруыз. Ересек адам ағзасында СА19-9 шамалы мөлшерде ұйқы безінің, бауырдың, өкпенің жасушаларында және шырышты қабаттарда анықталады.

Антигеннің физиологиялық рөлі белгісіз, алайда медициналық тәжірибеде СА 19-9 онкологиялық ауруларды диагностикалау үшін қолданылады. С19-9 онкомаркер болып табылады, ол ісік жасушаларынан өндірілетін зат, демек белгілі онкоаурулар кезінде С 19-9 концентрациясы күрт жоғарлайды.

С 19-9 айтарлықтай деңгейінің артуының жиі себебі ұйқы безінің обыры, екінші орында – гепатобилиарлы жүйенің обыры. Бұл онкомаркер ісіктің хирургиялық емінен кейінгі тиімділігін бақылау үшін қолданылады, себебі ісікті алып тастағаннан кейін С 19-9 концентрациясы күрт төмендеп және жоғарламауы керек. Егер ағзада ісік жасушалары қалып қойған болса, онда С 19-9 қайтадан көбейе бастайды.

Өздігінен зерттеу нәтижесіне қарап, обыр диагнозы қойылмайды, алайда талдаудың оң нәтижесі диагнозды растау немесе жоққа шығару үшін түбегейлі және егжей-тегжейлі тексеру қажеттілігін көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыз: «Онкомаркерлер не туралы айта алады?», «Қатерлі ісіктің 10 негізгі белгілері туралы білу керек»