Ri антигеніне антидене
Обырмен зақымдалған мүшеге байланысты ісік жасушалары Ri, Yo, Hu антигендерін бөліп шығарады, олар арнайы аутоантиденелердің түзілуін шақырады. Бұл аутоантиденелр жүйке ұлпасында орналасқан тиісті антигендермен байланысады және осылайша, олар паранеопластикалық синдромдар деп аталатын неврологиялық ауруларға қатысады.
Паранеопластикалық синдром қан тамырлары немесе жұқпалы факторларға қатыссыз немесе ісікке қарсы терапияның жанама әсері нәтижесінде пайда болатын қатерлі ісіктермен бірге жүретін клиникалық синдром. Олардың себебі ісіктің иммунологиялық механизмдерді іске қосуы болып табылады, оның әсері алғашқы ісік немесе метастаз орналасқан жерден жырақ байқалуы мүмкін.
Паранеопластикалық синдром шамамен 15% қатерлі ісік аурулар, әсіресе өкпе обыры мен асқазан обырында жүреді. Паранеопластикалық отоневро-офтальмологиялық синдром әдетте бас ми бағанының энцефалиті кезінде немесе мишықтың дегенерациясы кезінде туындайды.
Паранеопластикалық синдромның онконейрональді нәруыздарға әртүрлі иммундық жауабы немесе белгісіз антигендерге бағытталған иммунологиялық механизмдерімен анықталған байланысы осы механизмдердің зерттеулерін ілгерілетуге ықпал етеді.
Паранеопластикалық синдром немесе сынақтың оң нәтижесі жоғарыда аталған антигендерге антиденелердің болуы обыр диагнозын қоймай тұрып қатерлі ісіктің дамуы туралы ескертуі мүмкін.
Aнтинейрональді антиденеге сынақтың оң нәтижесі бар емделушілерді тез арада міндетті түрде ісіктің бар-жоғына тексеру қажет. Ri, Yo, Hu антиденелерін анықтау ауруды диагностикалау және ағымын және паранеопластикалық неврологиялық синдромдарда (PNS) емнің сәттілігін бақылау үшін айтарлықтай мардымды, өйткені олар обырмен байланысқан (ассоцирленген). Ісікке қарсы ем сондай-ақ неврологиялық симптомдарды емдеу үшін қажет.
Ri антигеніне антиденені анықтау паранеопластикалық атаксиямен бірге опсоклонус-миоклонус синдромы, ромбпішінді мидың энцефалиті сияқты синдромдар кезінде, тез өсетін бас ми бағанының ісіктері кезінде, майдажасушалы өкпе обыры, сүт безінің карциномасы және аналық бездің карциномасы кезінде диагностикалық маңыздылығы бар. Hu антигеніне антиденені анықтау - паранеопластикалық синдромдарда және өкпенің майдажасушалы қатерлі ісігінде, қуық асты карциномасында және нейробластомада диагностикалық маңызды.
Алайда, антинейрональді антиденелердің қатысуымен паранеопластикалық синдромы бар емделушілердің аз санында қатерлі ісік анықталмайды. Паранеопластикалық синдромы бар емделушілердің кейбіреулерінде антинейрональді антиденелер анықталмауы да мүмкін.
Антиденелер |
Типтік ассоцирленген (байланысқан) ісіктер |
Anti-Hu ANNA-1
|
Сенсорлық невропатия Созылмалы асқазан-ішек псевдообструкциясы Паранеопластикаық мишықтың дегенерациясы Лимбикалық энцефалит Майдажасушалы бронхиалды обыр |
Anti-Ri ANNA2 |
Бас ми бағанының энцефалиті Сүт безінің карциномасы Майдажасушалы бронхиалды обыр |