Авокадо, f96
Авокадо корицамен және лаврмен бірге лавр тұқымдастарына жатады. Екі ең таралған түрі Хасс авокадо (күңгірт түсті, қатпар қабықты) және Сильный авокадо (жасыл, тегіс қабықты).
Авокадоны текше түрінде кесіп салатқа, көжеге, бұқтырылған етке, чили немесе омлетке қосуға болады, фарш ретінде салу немесе онымен безендіруге болады (басқа көккөністермен, теңіз өнімдерімен, майонезбен басқа да дәмдеуіштермен бірге) және де гуакамоле, спред немесе сэндвичтерге арналған дәмдеуіштерді дайындау үшін пюре ретінде қолдануға болады.
Авокадодан азық-түлік аллергия белгілері сезімтал адамдарда ғана болуы мүмкін, алайда авокадаға аллергияны сипаттайтын көптеген мәліметтер бойынша, ол латексқа (латекс-жеміс синдромы) деген аллергия түріне айқасқан әсер контекстінде болады.
Болжам бойынша, авокадаға деген аллергияның таралуы халық арасында 1% құрайды, бірақ бұл көрсеткіш авокададан тағамдарды қолданған сайын өсіп келе жатыр. Оның белгілері, ауыз қуысының қышуы, ангионевротикалық ісіну, есекжем, іштің ауруы, демікпе, жүрек айну, лоқсу, диарея, риноконъюнктивит және анафилаксия.
F96 авокадаға адамның қанында ерекше IgE анықтау - осы аллергенге ағзаның әсерін көрсетеді. Зерттеу әдісі: ImmunoCAP әдісі (Қатты фазада иммунофлюоресценция өткізу) Өлшеу бірлігі: kU/l Зерттеуге алынатын биоматериал: көктамыр қаны