Антибиотиктерге сезімталдықты анықтай отырып, микрофлораға өттің бактериологиялық культурасы
Өт- астың қорытылуына ықпал жасайтын, ағзаның ерекше биологиялық сұйықтығы. Қалыпты жағдайда өт таза (онда ешқандай микроағзалар болмау керек) болуы кажет. Оған бактериялар (негізінен ішектен) енген кезде өт қабы қабырғасының қабыну үрдісі пайда болуы мүмкін.
Қабыну себебін білу және оңтайлы антибактериалды емді таңдау үшін өттің микрофлораға бак. себіндісімен бірге антибиотиктерге сезімталдылығын анықтау тағайындалады.