Қайың rBet v 2 профилин, t216
Молекулярлық аллергодиагностика әдісін қолдану терілік прик-тест нәтижесі бойынша таңдап алынған АСИТ ауыстыруға мәжбүрлейді. Аллергендердің компоненттерін қолдануды бастау үшін зерттеу нәтижелерін дұрыс түсіндіріп, аллергендердің компоненттері және олардың клиникалық қолданылуы туралы негізгі ақпаратты білу қажет:
- Аллергендер молекулаларына атау беріледі, алдыңғы үш әріп тұқымдастың латынша атауы, одан соң бірінші әріп түр атауы және арабша сандар – аллергеннің нөмірі (нөмір бөлу тәртібіне және/немесе клиникалық маңыздылығына байланысты). Мысалы: Қайың – Bet v 1, Bet v 2 және т.б.
- Аллергендік заттың құрамына бір емес, бірнеше нәруыздық компоненттер кіреді, олар: негізгі аллергендер – «мажорлы», екінші кезектегі «минорлы» болады.
- Мажорлы аллергокомпоненттер – бұл 50% науқастар популяциясында жартысынан көбінде антиденелермен кездесетін аллергендік молекулалар. Олар қыздыруға төзімді және аса иммуногенді. Пішіні бойынша ірі және бұл аллергенде көп мөлшерде болады.
- Минорлы – бұл пішіні бойынша аса ұсақ және аллерген құрамындағы аллергендік молекулаларының иммуногенділігі аз, әдетте аз мөлшерде болса да көптеген аллергендерде, кейде жақын туыстық аллергендерде болып айқаспалы аллергияның туындауына әрекет жасайды. Яғни аллергендердің таралауы 50% аса болса, онда мажорлы деп аталады, ал 10% аз болса минорлы деп аталады.
Аллергияның себепшілеріне шөптер мен ағаштарды жатқызуға болады. Соның ішінде ағаш өкілдерінің бірі – қайың (латынша атауы - Bétula). Қайыңға аллергия сәуір айының соңында – мамыр айының басында, осы ағаштың гүлдену кезеңінде басталады. Қайың ағашының тозаңына аллергия жиі поллиноз (шөптік қызба) және аллергиялық конъюнктивит түрінде өзіне тән симптомдармен - мұрынның бітелуі, мұрыннан сұйық, мөлдір бөліністер, мұрынның қышуы, қайта-қайта түшкіру, көздің ісінуі мен қышуы, көздің жасаурауы байқалады. Өте сирек жағдайларда терілік реакциялар (аллергиялық есекжем), сондай-ақ ағзаның улану симптомдары (әлсіздік, тез шаршағыштық, ашуланшақтық) пайда болуы мүмкін. Бронх демікпесі бар көп науқастарда қайыңның гүлдену уақытында аурудың өршуі байқалады.
Күрделі аллерген ретінде қайынға сезімталдықты анықтау үшін негізгі «мажорлы» антиген- rBetv 1 PR-10 IgE және rBet v 2 профилин и rBet v 4 – екінші кезектегі «минорлы» аллерген зерттеледі.
Қайың тозаңына шынайы аллергия қанда «мажорлы» антиген- rBetv 1 PR-10 IgE анықталумен нақтыланады. rBetv 1 PR-10 IgE қайың тозаңына сезімтал көптеген науқастарда анықталады. rBetv 1 PR-10 IgE құрылымы қайыңды, шамшатты, жаңғақты тұқымдас басқа ағаштар тозаңының және таксономиялық байланысқан жемістердің (алма, сары өрік, шабдалы, қызыл шие), көкөністердің (сәбіз, балдыркөк) және дәмдеуіштердің нәруыздарымен ұқсас келеді.
Тозаңға респираторлыққ симптомдардан басқа тағаммен жемістерді, кейбір көкөністерді, жаңғақтарды қабылдағанда аллергияның жергілікті белгілері – ауыз қуысының қышынуы, ашып ауруы, ісінуі, қызару сияқты оральді аллергиялық синдром байқалады. rBet v 2 профилин – профилиндер тұқымдасының нәруызы, қайың тозаңына минорлы аллерген болып табылады.
Профилиндер айқаспалы-әсерлесуші аллерген ролінде қатысу мүмкін, себебі әртүрлі ағаштардың, шалғындық және арам шөптердің тозаңдарында, сондай-ақ өсімдік тектес өнімдерде (көкөністерде, жемістерде, дәмдеуіштерде, латексте) табылады. rBet v 4 – қальцийді байланыстырушы полкальцин нәруызы қайың тозаңының минорлы аллергені, қайың тозаңына сезімтал 10-20% науқастарда анықталады. Бұл аллерген нәруыздары ұқсас шалғындық атқонаққа, қарашағырға, рапс, еуропалық зәйтүнге, қара қандыағашқа 67-90% құрылымдық ұқсастығы бар және өсімдік аллергендеріне поливалентті сенсибилизацияның маркері бола алады.
Қанда қайыңның rBetv 2, rBetv 4 IgE минорлы аллергенін анықтау басқа өсімдік аллергендерімен айқаспалы реактивтілікті бағалауға және аллергенспецификалық иммундытерапияның тиімділігін болжауға мүмкіндік береді.