ISAC-тест
ISAC-сынағы - бұл аллергиялық реакцияларды диагностикалаудың жаңа бағыты:
аллергендерді молекулярлық деңгейде анықтау, яғни - бұл компоненттік аллергодиагностика.
Бұл әдістеменің негізінде молекулалық деңгейде табиғи жоғары тазартылған және рекомбинантты аллерген молекулаларын, яғни сығындыларды емес, олардың компоненттерін қолдану арқылы аллергендерге сезімталдықты анықтау жатыр.
1980 жылдардың соңында ДНҚ-технологиясы енгізіле бастады, аллергендерді сипаттап, молекулаларын клондау мүмкін болды, бұл әртүрлі аллергиялық аурулар кезінде антигендік детерминанттарын анықтауға көмектесті. Мұның барлығы диагностикалаудың жаңа түрі – молекулярлық диагностиканың пайда болуына маңызды роль атқарды, бұл өз кезегінде аллергияны аса тиімді емдеуді әзірлеуге ықпал етті.
Рекомбинантты аллергендерге антиденелерді анықтау молекулярлық аллергология деңгейінде күрделі аллергендер құрамындағы жетекші компонентті анықтауға мүмкіндік береді. Бұл шынайы және айқаспалы аллергияны ажыратуға көмектеседі. Бұл әдістеме 1-ші типтегі аллергиялық реакцияны диагностикалаудың жаңа құралы болып табылады, бұл науқастың сенсибилизациясы, басқа аллергендермен айқаспалы реактивтілігі, аллерген-спецификалық иммундытерапияның (АСИТ) мақсаттылығы мен тиімділігін болжау туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Ультра заманауи биочип технологиясына негізделген **«ISAC- сынағы»** - бұл бір уақытта жүзден астам рекомбинантты аллергендерге иммунологиялық талдауды жасау үшін арнайы IgE антиденелерін кешенді өлшеуге арналған шағын платформа. Бұл бағыт Қазақстанда аллергиямен сырқаттанатын науқастарды тексеру және емдеу көзқарастарын өзгертеді және оларды әлемдік стандарттар талабына сәйкестендіретін болады.
Бұл зерттеуді жүргізудің 3 негізгі артықшылығы бар:
- Молекулярлық аллергодиагностика шынайы сенсибилизацияны айқаспалы реактивтілік салдарынан болған сенсибилизациядан ажыратып береді. Бұл деректер аллергияның жалғыз біреуін, бірнеше жақын туыстық немесе көптеген әртүрлі көздерін анықтауға мүмкіндік береді.
- Молекулярлық аллергодиагностика арандатушы сынақтардың қажеттілігін жоққа шығарады және аллергендермен жанасуды болдырмас үшін нақты ұсыныстар беруге көмектеседі.
- Молекулярлық аллергодиагностика поливалентті сенсибилизациясы бар адамдарда аса маңызды аллергенді анықтаудың ең дәл тәсілімен АСИТ жүргізетіндерге аллерген-спецификалық иммундытерапияны таңдауға қажет. Молекулярлық аллергодиагностика әдісін қолдану терілік прик-тест нәтижесі бойынша таңдап алынған АСИТ ауыстыруға мәжбүрлейді.
Аллергендер молекулаларына атау беріледі, ең басында алдыңғы үш әріп тұқымдастың латынша атауы, одан соң бірінші әріп түр атауы және арабша сандар - аллергеннің нөмірі (нөмір бөлу тәртібіне және/немесе клиникалық маңыздылығына байланысты).
ISAC-тест (ImmunoCAP ISAC E112i) зерттеуінің
құрамына кіретін аллергокомпоненттер
|
№ |
Аллергеннің атауы |
Молекуланың атауы |
Ақуыз түрі |
|
1 |
Жұмыртқа ақуызы |
nGal d 1 |
Овомукоид |
|
2 |
Жұмыртқа ақуызы |
nGal d 2 |
Овальбумин |
|
3 |
Жұмыртқа ақуызы |
nGal d 3 |
Кональбумин/овотрансферрин |
|
4 |
Жұмыртқаның сарыуызы/тауық еті |
nGal d 5 |
Ливетин/сарысу альбумині |
|
5 |
Сиыр сүті |
nBos d 4 |
Альфа-лактоглобулин |
|
6 |
Сиыр сүті |
nBos d 5 |
Бета-лактоглобулин |
|
7 |
Сиыр сүті и мясо |
nBos d 6 |
Сарысу альбумині |
|
8 |
Сиыр сүті |
nBos d 8 |
Казеин |
|
9 |
Сиыр сүті |
nBos d lactoferrin |
Трансферрин |
|
10 |
Қызыл ет немесе сиыр еті |
o215 Alpha-Gal |
Тиреоглобули, сиыр |
|
11 |
Нәлім |
rGad c 1 |
Парвальбумин |
|
12 |
Асшаян |
nPen m 1 |
Тропомиозин |
|
13 |
Асшаян |
nPen m 2 |
Аргининкиназа |
|
14 |
Асшаян |
nPen m 4 |
Саркоплазмалық кальций байланыстырушы ақуыз |
|
15 |
Кешью |
rAna o 2 |
Сақтау ақуызы, 11S глобулин |
|
16 |
Кешью |
Ana o 3 |
Сақтау ақуызы, 2S альбумин |
|
17 |
Бразилиялық жаңғақ |
rBer e 1 |
Сақтау ақуызы, 2S альбумин |
|
18 |
Орман жаңғағы |
rCor a 1.0401 |
PR-10 протеин |
|
19 |
Орман жаңғағы |
nCor a 8 |
Липидтерді тасымалдаушы ақуыздар (nsLTP) |
|
20 |
Орман жаңғағы |
nCor a 9 |
Сақтау ақуызы, 11S глобулин |
|
21 |
Орман жаңғағы |
nCor a 14 |
Сақтау ақуызы, 2S альбумин |
|
22 |
Грек жаңғағы |
rJug r 1 |
Сақтау ақуызы, 2S альбумин |
|
23 |
Грек жаңғағы |
nJug r 3 |
Липидтерді тасымалдаушы ақуыздар (nsLTP) |
|
24 |
Күнжіт |
nSes I 1 |
Сақтау ақуызы, 2S альбумин |
|
25 |
Жержаңғақ |
rAra h 1 |
Сақтау ақуызы, 7S глобулин |
|
26 |
Жержаңғақ |
rAra h 2 |
Сақтау ақуызы, конглутин |
|
27 |
Жержаңғақ |
rAra h 3 |
Сақтау ақуызы, 11S глобулин |
|
28 |
Жержаңғақ |
nAra h 6 |
Сақтау ақуызы, 2S альбумин |
|
29 |
Жержаңғақ |
rAra h 8 |
PR-10 протеин |
|
30 |
Жержаңғақ |
rAra h 9 |
Липидтерді тасымалдаушы ақуыздар (nsLTP) |
|
31 |
Соя бұршақтары |
rGly m 4 |
PR-10 протеин |
|
32 |
Соя бұршақтары |
nGly m 5 |
Сақтау ақуызы, бета-конглицин |
|
33 |
Соя бұршақтары |
nGly m 6 |
Сақтау ақуызы, глицинин |
|
34 |
Қарақұмық, қарақұмық ұны |
nFag e 2 |
Сақтау ақуызы, 2S альбумин |
|
35 |
Бидай |
rTri a 14 |
Липидтерді тасымалдаушы ақуыздар (nsLTP) |
|
36 |
Бидай |
rTri a 19.0101 |
Омега-5 глиадин |
|
37 |
Бидай |
nTri a aA_TI |
Альфа-амилаза/ трипсин ингибиторы |
|
38 |
Киви |
nAct d 1 |
Цистеинпротеаза |
|
39 |
Киви |
nAct d 2 |
Тауматин-ұқсас ақуыз |
|
40 |
Киви |
nAct d 5 |
Кивеллин |
|
41 |
Киви |
rAct d 8 |
PR-10 протеин |
|
42 |
Алма |
rMal d 1 |
PR-10 протеин |
|
43 |
Шабдалы |
rPru p 1 |
PR-10 протеин |
|
44 |
Шабдалы |
rPru p 3 |
Липидтерді тасымалдаушы ақуыздар (nsLTP) |
|
45 |
Балдыркөк |
rApi g 1 |
PR-10 протеин |
|
46 |
Қарашағыр |
nCyn d 1 |
1-шөптер тобы |
|
47 |
Бидайық |
rPhl p 1 |
1-шөптер тобы |
|
48 |
Бидайық |
rPhl p 2 |
2-шөптер тобы |
|
49 |
Бидайық |
rPhl p 4 |
Берберин бридж-энзим |
|
50 |
Бидайық |
rPhl p 5 |
5-шөптер тобы |
|
51 |
Бидайық |
rPhl p 6 |
6-шөптер тобы |
|
52 |
Бидайық |
rPhl p 7 |
Полкальцин |
|
53 |
Бидайық |
rPhl p 11 |
Ole e 1 байланыстырушы ақуызы |
|
54 |
Бидайық |
rPhl p 12 |
Профилин |
|
55 |
Қандыағаш |
rAln g 1 |
PR-10 протеин |
|
56 |
Қайың |
rBet v 1 |
PR-10 протеин |
|
57 |
Қайың |
rBet v 2 |
Профилин |
|
58 |
Қайың |
rBet v 4 |
Полкальцин |
|
59 |
Жаңғақтық тозаңы |
rCor a 1.0101 |
PR-10 протеин |
|
60 |
Жапондық балқарағай |
nCry j 1 |
Пектатлиаза |
|
61 |
Сауырағаш |
nCup a 1 |
Пектатлиаза |
|
62 |
Зәйтүн тозаңы |
rOle e 1 |
5-жалпы зәйтүн тобы |
|
63 |
Зәйтүн тозаңы |
nOle e 7 |
Липидтерді тасымалдаушы ақуыздар (nsLTP) |
|
64 |
Зәйтүн тозаңы |
rOle e 9 |
Бета-1,3-глюканаза |
|
65 |
Шынар |
rPla a 1 |
Инвертаза ингибиторы |
|
66 |
Шынар |
rPla a 3 |
Липидтерді тасымалдаушы ақуыздар (nsLTP) |
|
67 |
Ойраншөп |
nAmb a 1 |
Пектатлиаза |
|
68 |
Жусан |
nArt v 1 |
Дефенсин |
|
69 |
Жусан |
nArt v 3 |
Липидтерді тасымалдаушы ақуыздар (nsLTP) |
|
70 |
Алабота |
rChe a 1 |
Ole e 1 байланыстырушы ақуызы |
|
71 |
Пролесник |
rMer a 1 |
Профилин |
|
72 |
Дәрілік жарын |
rPar j 2 |
Липидтерді тасымалдаушы ақуыздар (nsLTP) |
|
73 |
Жолжелкен |
rPla I 1 |
Ole e 1 байланыстырушы ақуызы |
|
74 |
Қурай |
nSal k 1 |
Пектинметилэстераза |
|
75 |
Ит |
rCan f 1 |
Липокалин |
|
76 |
Ит |
rCan f 2 |
Липокалин |
|
77 |
Ит |
rCan f 4 |
Липокалин |
|
78 |
Ит |
nCan f 3 |
Сарысу альбумині |
|
79 |
Ит |
rCan f 5 |
Аргининэстераза |
|
80 |
Ит |
rCan f 6 |
Липокалин |
|
81 |
Жылқы |
rEqu c 1 |
Липокалин |
|
82 |
Жылқы |
nEqu c 3 |
Сарысу альбумині |
|
83 |
Мысық |
rFel d 1 |
Утероглобин |
|
84 |
Мысық |
nFel d 2 |
Сарысу альбумині |
|
85 |
Мысық |
rFel d 4 |
Липокалин |
|
86 |
Тышқан |
nMus m 1 |
Липокалин |
|
87 |
Alternaria |
rAlt a 1 |
Қышқыл гликопротеин |
|
88 |
Alternaria |
rAlt a 6 |
Энолаза |
|
89 |
Aspergillus |
rAsp f 1 |
Митогиллиндер отбасы |
|
90 |
Aspergillus |
rAsp f 3 |
Пероксисомалық ақуыз |
|
91 |
Aspergillus |
rAsp f 6 |
Mn супероксиддисмутаза |
|
92 |
Cladosporium |
rCla h 8 |
Маннитолдегидрогеназа |
|
93 |
B.tropicalis (HDM) |
rBlo t 5 |
5-кене аллергені тобы |
|
94 |
D.farinae (HDM) |
nDer f 1 |
Цистеинпротеаза |
|
95 |
D.farinae (HDM) |
nDer f 2 |
NPC 2 отбасы |
|
96 |
D.pteronyssinus (HDM) |
nDer p 1 |
Цистеинпротеаза |
|
97 |
D.pteronyssinus (HDM) |
nDer p 2 |
NPC 2 отбасы |
|
98 |
D.pteronyssinus (HDM) |
rDer p 10 |
Тропомиозин |
|
99 |
D.pteronyssinus (HDM) |
rDer p 23 |
Перитрофин тәріздес ақуыз (Peritrophin-like protein) |
|
100 |
L.destructor (storage mite) |
rLep d 2 |
NPC 4 отбасы |
|
101 |
Тарақан |
rBla g 1 |
1-тарақан аллергендері тобы |
|
102 |
Тарақан |
rBla g 2 |
Аспартатпротеаза |
|
103 |
Тарақан |
rBla g 5 |
Глутатион-S-трансфераза |
|
104 |
Тарақан |
nBla g 7 |
Тропомиозин |
|
105 |
Анисакис |
rAni s 1 |
Сериндік протеаза ингибиторы |
|
106 |
Анисакис |
rAni s 3 |
Тропомиозин |
|
107 |
Латекс |
rHer b 1 |
Резеңке элонгация факторы |
|
108 |
Латекс |
rHer b 3 |
Резеңке ұсақ бөлшектердің ақуызы |
|
109 |
Латекс |
rHer b 5 |
Қышқыл ақуыз |
|
110 |
Латекс |
rHer b 6.01 |
Прогевеин |
|
111 |
Латекс |
rHev b 8 |
Профилин |
|
112 |
CCD |
nMUXF3 |
CCD |