Кері қайту

Кальцитонин (Қан сарысуындағы кальцитонинді иммунохемилюминесценция әдісімен анықтау)

Кальцитонин – қалқанша безінің гормоны, негізгі рөлі кальций алмасуын (Са) реттеуден тұрады. Кальцитониннің мақсаты – біріншіден, қандағы кальций деңгейін төмендету, өйткені бұл микроэлементтің жоғары концентрациясы (гиперкальциемия) оның ағзадан зәрмен шығарылуын күшейтіп, сүйек ұлпасымен сіңірілуіне зиянды. Екіншіден, көп мөлшерде кальций жоғалтқанда (жүктілік пен емізу кезінде) сүйекте кальцийдің сақталуы. Басқа сөзбен айтқанда кальций құрамының артуы кезінде кальцитонин деңгейінің жоғарлауы және тиісінше керісінше жүреді. Кальцитонин қалқанша маңы безінің гормонымен - паратгормонмен тығыз байланыста қызмет жасайды және оның антогонисті болып табылады.   

Кальцитониннің қызметттері:

  • Ішекте кальций сіңірлуін баяулату
  • Бүйрекпен қайта сіңірілудің бұзылу есебінен кальций мен фосфордың зәрмен шығуын күшейту
  • Жаңадан сүйек ұлпасын «құрайтын» жасушалардың (остеобластардың) белсенділігін күшейту
  • Сүйек ұлпасын бұзушы жасушалардың (остеокластардың) белсенділігін баяулату

Қолда бар зерттеу деректеріне сәйкес кальцитонин тағаммен кальций қабылдауды азайту мақсатында гиперкальциемия кезінде тәбетті төмендетуге қабілетті.  

Зертханалық көрсеткіш ретінде кальцитонинді тағайындау – бұл қалқанша безінің милық қабатының (медуллярлы) обырын скринингтік диагностикасын жүргізу. Милық қабатының обыры – бұл остеокальцинді өндіретін ісік жасушасы. Демек, осы патология туындаған кезде гормон өндірілуі қарқынды болады. Обырдың бұл түрі қалқанша безінің барлық қатерлі ісіктері ішінде таралуы бойынша үшінші орынды алады.    

Қалқанша безінің милық қабатының симптомдары:

  • Диарея
  • Кенеттен бетке қан құйылу ұстамасы
  • Қалқанша безінің ұлғаюы
  • Жұтынудың қиындалуы
  • Мойын аймағының ауырсынуы
  • Дауыстың өзгеруі, қарлығуы
  • Суықпен байланыспаған жөтел

Жалпы, ауру ерте анықталған жағдайда аурудың болжамы салыстырмалы түрде қолайлы. Сөйтіп, Американдық онкологиялық қоғамның мәліметтері бойынша обырдың І-сатысын емдеу кезінде - бесжылдық өміршеңдік болжамы 99%, II-сатысында – 98%, III-сатысында – 81% және IV-сатысында – 28% құрайды. Есте болатыны 25% жағдайда ауру отбасылық сипатқа (прото-онкоген мутациясымен байланысты) ие болады, демек науқастан милық обырды анықтаған кезде барлық отбасы мүшелерін тексеруді қажет етеді. Курстық емді өткен соң аудудың қайталануын алдын алу мақсатында өмір бойы бақылау қажет: алғашқы 3 жылда – әрбір 4 ай сайын және кезекті бақылау – әрбір жарты жыл сайын болу керек.  

Қалқанша безі обырын диагностикалау мақсатында кальцитонинді анықтау скринингтік сипатта болады, яғни, патологияны ерте анықтаудың оңтайлы әдісі ретінде танылған. Алайда, кальцитониннің жоғары деңгейі өздігінен «обыр» диагнозын қоюға себеп емес, тек диагнозды нақтылау немесе жоққа шығару үшін түпкілікті, жете және қымбат тұратын тексерудің қажеттілігі туралы меңзейді.  Егер аурудың клиникалық белгілері бар болса, бірақ кальцитонин деңгейі қалыпты шекті көрсеткішті көрсетсе мұндай жағдайда пентагастриндік сынақ немесе кальций дәрісін көктамырға енгізу арқылы арандатушы сынамаға жүгінеді, бұл «ісіктің» қанағымға көп мөлшерде кальцитонинді шығуына итермелейді. Бұл диагностикалық ем-шара денсаулық үшін жағымсыз әсерлер туғызбайды, бірақ ақпараттық дәрежесі жоғары, себебі кальцитонин концентрациясының 10-20 есе артуы байқалады.  Сондай-ақ гормон біріншілік остеопороз кезінде де ақпарат береді, өйткені кальцитонин деңгейінің төмендеуі кальцийдің сүйек ұлпасымен сіңірілуіне және сүйектің минералдық тығыздығының азаюына әкеледі.  Бұл жағдайда остеопороздың басқа маркерлерін - остеокальцина және Beta Cross Laps кешенді анықтау ұсынылады.   

Назар аударыңыз! Зерттеу арнайы дайындықты қажет етуі мүмкін: кальций дәрі-дәрмегін енгізу арқылы пентагастриялық сынақ немесе арандату сынамасы жасалды, сондықтан емдеуші дәрігердің кеңесін алу ұсынылады. 

Сондай-ақ оқыңыз: ОНКОМАРКЕРЛЕР, КАЛЬЦИЙ НЕ ТУРАЛЫ АЙТА АЛАДЫ?: ЕСТЬ ИЛИ НЕ ЕСТЬ? КАЛЬЦИЙДІ – ЖЕУ КЕРЕК ПЕ ӘЛДЕ ЖЕМЕУ КЕРЕК ПЕ?, «Остеопороз бейіні»