Нутригенетикалық зерттеу кешені (SNPэкспресс, PPARG, ADRB2, ADRB3, FABP2 гендеріндегі полиморфизмдерді анықтау)
«Нутригенетика» (SNP-экспресс) кешенді генетикалық зерттеуі PPARG2, ADRB2, ADRB3 және FABP2 гендерінің полиморфизмдерін талдау негізінде зат алмасудың жеке ерекшеліктерін анықтауға бағытталған.
Зерттеу мыналарды анықтауға мүмкіндік береді:
- майлар мен көмірсуларға сезімталдықты;
- аэробтық және күштік жүктемелердің тиімділігін;
- дене салмағын қосуға бейімділікті;
- инсулинге төзімділіктің даму қаупін.
Алынған мәліметтер негізінде пациенттің метаболикалық типі (кластері) анықталып, тамақтану мен физикалық белсенділік бойынша жеке ұсыныстар әзірленеді.