Қандағы малондық диальдегид (майлардың асқынтотығының тұрақты соңғы өнімі)
Малондық диальдегид (әрі – МДА) – майлардың асқынтотығының екіншілік ыдырау өнімі (әрі- МАТ). Майлардың асқынтотығының қанда шоғырлануы көптеген ішкі мүшелердің ауруымен жүретін улану синдромымен түсіндіріледі. МАТ SH- и СН3-нәруыздар тобымен әрекетесе отырып, цитохром-оксидазаның (осылайша ұлпалық тыныс алуды ауырлатады) және гидроксилазаның белсенділігін тежейді. Сонымен қатар МДА атеросклероздың үдемелі дамуына итермелейді.
МДА фосфолипидтердің аминтоптарымен өзара әрекеттесу кезінде МАТ соңғы өнім - азометиндер (Шиффа негізі) түзіледі. Мұндай қосылыстарға көз қабыршағында, жас ұлғая келе теріде пайда болатын липофусцин пигменті мысал бола алады. Липофусцин - олар көлденең коваленттік байланыс арқылы байланысқан және МАТ химиялық белсенді өнім топтарымен өзара әрекеттесу нәтижесінде денатурацияланған майлар мен нәруыздардың қоспасы болып табылады. Бұл пигмент фагоциттелеі, бірақ лизосома ферменттерімен гидролизденбейді, жасушалардың қызметін бұза отырып, оларда шоғырланады.
МАТ белсенділігінің келеңсіз зардаптары:
1. Мембрананың липидтік екіқабатының зақымдануы, соның нәтижесінде жасушаларға су, натрий, кальций иондары еніп, жасушалардың, органеллалардың ісінуіне және олардың бұзылыстарына әкеледі.
2. Жасушалардың және бүтін ағзаның мерзімінен бұрын қартаюы.
3. МАТ жоғарыреактивті өнімдердің Шиффа негіздердің түзіліуімен бірге нәруыздардың аминтоптарымен өзара әрекеттесуі.
4. Мембрана аққыштығының (тұтқырлығының) өзгеруі, соның нәтижесінде мембрананың тасымалдаушы қызметі (иондық өзектердің функциясы) бұзылады.
5. Мембрана байланыстырушы ферменттердің, рецепторлардың белсенділігінің бұзылуы.
МАТ белсендірілуі көптеген аурулар мен патологиялық жағдайларға тән:
1. атеросклероз және басқа да жүрек-қан тамырлар аурулары;
2. ОЖЖ зақымдануы (Паркинсон, Альцгеймер аурулары);
3. Кез келген генездегі қабыну үрдістері;
4. Бұлшықеттердің дистрофиясы (Дюшенн ауруы);
5. Онкологиялық аурулар;
6. Радиациялық зақымдау;
7. Бронх-өкпе патологиялары.
Дайындық: Қан аш қарынға алынады, Соңғы тамақтану уақыты мен зертханада қанды алу аралығы 8 сағаттан кем болмауы керек. Шырын, шай, кофе, оған қоса қантпен ішуге болмайды. Суды қабылдағанда қан көрсеткіштеріне әсерін тигізбейді.Зерттеуден 1-2 күн бұрын тамақтану рационынан майлы, қурылған тағамдарды және ішімдікті шектеу қажет. Қан алуға екі сағат қалғанда темекі шегуге болмайды. Қан тапсырар алдында бір күн бұрын физикалық жүктемелер түсірмеу керек, сондай-ақ денелік күштену (жүгіру, баспалдақтан көтерілу) және қан тапсыратын кезде эмоционалды қозуды шектеу қажет. Процедура алдында 10-15 минут тынығып, тыныштанған жөн. Қанды рентгендік, ультрадыбыстық зерттеулерден кейін, массаж, рефлексотерапия немесе физиотерапиялық ем-шаралардан кейін тапсырмаған жөн.Мүмкіндігінше дәрілерді қабылдаудан бас тартыңыз. Егер сізде дәрі-дәрмектерді тоқтатуда қиындықтар туындаса, онда ол туралы дәрігерге міндетті түрде хабарлаңыз.