Кері қайту

Сілекейден мелатонинді анықтау

Мелатонин – «домалақ без» – эпифизбен синтезделетін гормон және циркадтық ырғақты: ұйқыны және сергектікті бақылайды. 

Гормонды максималды өндіру толық қараңғылықта, түнгі сағат 01:00 және 03:00 аралығында ұйықтау уақытында (70% мелатониннің тәуліктік өнідіруі) жүреді. Тіпті түнде қысқа уақытқа жарықты қосқан кезде гормонды синтездеу қабілеті әлдеқайда төмендейді.

Мелатонин гипофиздің алдыңғы бөлігі гормондарының: ФСГ, ЛГ, АКТГ, ТТГ, СТГ секрециясын төмендетеді. Мелатонин антиоксиданттық қасиетке, обырға қарсы әсерге және онкостатикалық белсенділікке ие.

Мелатонин өндірілу тәртібінің бұзылуы ұзақ ұшуға байланысты күнделікті биоритмнің бұзылуы кезінде (джетлаг) – сағаттық белдеудің ауысу синдромында (гормон секрециясы ырғағының ығысуы байқалады); жұмыс кестесінің ауысуымен шартталған ұйқысыздық; ұйқы фазасының кідіру синдромы; күйзелістік бұзылыстар және тағы сол сияқты өзгерістер жүреді.

Есейе келе мелатонин синтезі айтарлықтай төмендейді. 

Мелатонин триптофаннан серотонин түзілу сатысы арқылы синтезделеді, N-ацетилтрансфераза және гидроксииндол-О-метилтрансфераза әсерінен мелатонинге айналады.Биологиялық қызметтер орындалғаннан кейін мелатониннің басым бөлігі цитохром Р450 қатысуымен сульфатпен конъюгирленіп мелатонин-сульфат түзу арқылы бауырда метаболизмге ұшырайды.

Мелатонин деңгейінің төмендеуінің клиникалық маңызы бар, яғни олар келесі жағдайларда байқалады:

  • ұйықтау және/немесе ояну уақытының ұзаруы;
  • ұйқы сапасының нашарлауы;
  • ұйқысыздық;
  • Альцгеймер ауруы;
  • иммундық жүйе белсенділігінің әлсіреуі;
  • жайбарақаттандыратын (седативтік) дәрілік заттарды қабылдау*