Микрореакция
Кардиолипиндік антигендерге преципитация микрореакциясы (МР) – бұл мерезді диагностикалау үшін қолданылатын сынақ. Микрореакция халықты жаппай тексеру кезінде мерез қаупі бар адамдар тобын іріктеп алуға мүмкіндік береді. МР қанда мерездің қоздырғышы бозғылт трепонеманың өзін анықтамайды, тек оның қабырғасының қалдығы – кардиолипиндік антигенді анықтайды.
МР көптеген мамандықтар үшін жыл сайын медициналық комиссиядан өту кезінде міндетті талдау тізіміне кіреді. микрореакцияның бірнеше нұсқалары бар: Venereal Disease Research Laboratory (VDRL), Toluidine Red Unheated Serum Test (TRUST), Reagin Screen Test (RST), repid plasma regain (RPR). Статистика бойынша біріншілік мерезде 78% жағдайда, 97% - екіншілік мерезде RPR-сынақ оң нәтижелі болады. VDRL-сынағы біріншілік мерезде 59 - 87% жағдайда оң нәтиже береді, екіншілік мерезде сезімталдық 100% құрайды, ал кеш жасырын мерезде 80%-дан 90%-ға дейін, үшіншілік мерезде - 37 - 94%-ды құрайды [Henry J., 1996ж.].
Кардиолипиндік антигенге антидене титрін анықтаудың өзіндік диагностикалық құндылығы бар: жоғары титр (1:16 көбірек) үрдістің бесенділігін білдіреді. Көп жағдайда төменгі титр (1:8 кем) тексерудің жалған оң нәтижелі немесе кеш латентті (жасырын) мерезге нұсқайды. Динамикада антидене титрін бақылау аурудың емдеу тиімділігін бақылау үшін қажет: төмендеуі емнің оң нәтижелі критерийі болып табылады. Осылай, титр алғашқы мәнмен салыстырғанда төртінші айда төрт есеге төмендеуі керек, сегіз ретке төмендеуі – сегізінші айдың соңында болуы керек. Мерездің жиі клиникалық белгілері инфекция жұқтырылған жердің (жыныс мүшелері, ауыз қуысы, анус аймағы) ауырсынусыз жара түрінде (қатты шанкр) өзгерістердің пайда болуы. Мерезді диагностикалау тұрғысынан неғұрлым сенімді талдау Treponema Pallidum жиынтық антиденелерді анықтау болып табылады.
Сондай-ақ оқыңыз: МЕРЕЗДІҢ ЗАМАНАУИ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ