ИФТ әдісімен қан сарысуынан Эпштейн-Барр вирусының ядролық антигеніне IgG анықтау
Эпштейн – Барр вирусы адамның герпес вирусының 4-ші тобына жатады. Ол В-лимфоциттерді зақымдауға бейім және адамда жедел жұқпалы мононуклеоз ауруын шақырады, сондай-ақ назофаригеальді карциномасының, Беркитт лимфомасының, Ходжкин ауруының, түкті лейкоплакия және В-жасушалық лимфоманың дамуымен байланысты. Вирус бүкіл әлеме таралған.
Кейбір елдерде 40 жастағы адамдардың 95 % дейін оны жұқтырған және оған антидене бар. Инфекция сілекей арқылы беріледі. Аурудың шарықтау шегі ерте бала жасында, сондай-ақ жасөспірімдік кезеңде байқалады.
Ядролық антигенге IgG класының антиденесі инфекция басталғаннан кейін, оған қоса жасырын түрде өткен кезде 4-6 айдан соң пайда боладык, содан кейін аз титрда өмір бойы аықтала береді. Оны 50% аса жасөспірімдерде және 90% аса ересек адамдарда анықтауға болады. Ядролық антигенге IgG класының антиденесі жедел инфекциядан кейін кеш мерзімде, латентті инфекция аясында, сондай-ақ реактивация және созылмалы инфекцияда анықталады. Паст-инфекцияның маркері ретінде қолданылады.